6. Тиісті өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету тәртібі. Тексеру жабдықтары мен металл детекторларын пайдалану әдістемесі.
7. Ақаулықтарды анықтау құралы (қауіп-қатерді анықтау құралы) детекторларының іске қосу сигналы келіп түскен кездегі іс-қимыл алгоритмін пысықтау. Облыстардың полиция департаментінің аумақтық ішкі істер бөлімімен, жедел басқару орталығымен өзара іс-қимыл тетігін әзірлеу (адамдарды құлақтандыру, бағдарлау, ұстау, қылмыстық әрекеттерді және тетіктерді тіркеу).
8. Күзетілетін объектіде салынған жарылғыш құрылғы туралы анонимді хабарлама алған кездегі күзет жеке құрамының іс-қимыл.
9. Жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою.
10. Күзетілетін объектінің стационарлық (айналма) бекетіне шабуылды тойтару, қару мен арнайы құралдарды, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін қолдану, шұғыл байланыс арналары арқылы ақпарат беру).
11. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы күзет персоналының лауазымдық (функционалдық) міндеттері;
12. Қару мен арнайы құралдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары.
Объектілерге әкелуге тыйым салынған заттар мен бұйымдардың тізбесі
1. Қару:
— атыс қаруы;
— зақымдаушы, газды және жарық-дыбыстық әсер ететін патрондары бар оқпансыз қару;
— газды;
— электрлік;
— пневматикалық;
— суық қару, сондай-ақ суық қаруға жатпайтын әртүрлі пышақтар;
— лақтыратын қару;
— сигналдық;
— зақымдаушы әсері радиоактивті сәулелену мен биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қару мен заттар;
— зақымдайтын әсері электромагниттік, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулеленуді пайдалануға негізделген қару мен заттар;…