Облыс орталығында жаңадан құрылған әскери бөлімнің алаңында елдікке бастайтын мерейлі мерекеге орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күніне арналған шарада «Ұлттық Ұлан» сарбаздарының әскери шеруі өтіп, облыс әкіміне Қолбасшының баянаты жасалды.
Облыс әкімі Д.Сатыбалды құттықтау сөзін сөйлеп, халықтың мызғымас тыныштығы үшін еңбек етіп, күндіз-түні қызметте жүрген жас сарбаздар мен сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп, жеңіске жетуге ат салысқан ардагерлерге өз лебізін білдірді. Қызметтерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлер мен еріктілерге грамота мен алғыс хаттар үлестірілді.
Әскери шендер салтанатты түрде табысталды.
Қос мереке-абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Сондықтан да ардагерлер салған сара жолдан жаңылмай, тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайта түсу үшін қажырлылықпен қызмет ете берейік!
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі