• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Облыс прокуроры Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыстағы өкілімен кездесті

Автор:admin

Май 30, 2023
Spread the love

Облыс прокуроры М.Тлеубердиев Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Н. Кожабековамен кездесті.

Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 29-бабында прокуратура Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасайды және оның қызметіне жәрдем көрсетеді делінген.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашада қабылданған болатын.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің міндеттері адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал ету болып табылады.

Сонымен бірге  бұл бағытта өзара ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында, 2023 жылдың 13 сәуір күні Бас Прокурормен  Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл арасында Меморандум түзілген.

Осыған байланысты, кездесу барысында адамның және азаматтың құқықтарын қорғау және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында өзара тығыз қарым-қатынас орнату қажеттілігі талқыланды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика