• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

“Неке-отбасы туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес осы құқық саласы азаматтық қатынастарды төмендегідей қатынастарға жіктейді:

Автор:admin

Сен 26, 2022
Spread the love

1) некеге тұру, некені бұзу және оны жарамсыз деп тану қатынастары;
2) отбасы мүшелерінің, ерлі-зайыптылардың, ата-ана мен балалардың арасындағы, кейбір жағдайларда отбасылық құқыққа байланысты басқа да өзге адамдар мен туысқандар арасындағы өзіндік мүліктік және мүліктік емес жеке қарым-қатынастар;
3) ата-ананың қарауынсыз қалған балаларды орналастыруға байланысты қарым-қатынастар;
4) азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты қарым-қатынастар.
Халықаралық жеке құқықтағы неке-отбасы қатынастары – бұл шетел элементімен күрделенген отбасы құқығының нормаларымен реттелетін некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе ата-анасыз қалған балалардың басқа да нысандарынан туындайтын қоғамдық қатынастар. Олар тек азаматтық, отбасылық қарым-қатынастарда ғана емес, сонымен бірге адамгершілік сипатта болатын және заңдық реттеуге тәуелді қарым-қатынастар болып табылады.
Халықаралық жеке құқықтағы отбасылық құқықтық қарым-қатынастардың ерекшеліктеріне мыналарды жатқызсақ болады:
— көптеген елдерде отбасылық құқықтың субьектілері заңмен анықталған (ерлі-зайыптылар, ата-аналар, асырап алушылар);
— отбасы құқығы субьектілерінің құқықтары мен міндеттерінің басқаға берілмеуі және бөлінбеуі;
— отбасылық-құқықтық қатынастар ақысыз болып табылады;
— жеке қарым-қатынастардан мүліктік қарым-қатынастардың туындауы.
Қазіргі кезде отбасылық қарым-қатынастарға мемлекеттік-заңдық әсер ету әдістерімен қатар өзгеде әдістер түрлері бар. Әдістердің ерекшелігі диспозитивті және императивті әдістердің жиынтығы болып табылады.
Халықаралық жеке құқықта отбасылық-құқықтық реттеудің диспозитивтілігі, отбасы құқығының отбасылық қарым-қатынастар саласындағы отбасылық қатынастар субьектілеріне олардың қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру үшін құқықтық құралдармен қамтамасыз ету әдісі.
Императивтілігі отбасы құқығының басым көпшілік нормаларының тараптардың келісімі арқылы өзгертуге келмейтін, қатандығын айтамыз. Көбінесе, мұндай әдістің әсер етуі тыйым салуда көрініс табады.
Жалпы алғанда, отбасылық-құқықтық тыйымдарды тікелей және жанама деп бөлуге болады. Ашық түрдегі тыйым тікелей болып табылады. Мысалы, “Неке-отбасы туралы” ҚР Заңының 11-бабына сәйкес мынадай жағдайларда некеге тұруға болмайды:
— екі адамның біреуінің басқа некеде тіркелген жағдайда, яғни біздің елімізде моногамия;
— ата-аналары бір, тікелей туысқандық қатынастағы, толыққанды немесе жартылай толыққанды ағайындылар және апалы-сіңлілер арасында;
— екеуінің біреуі-есі дұрыс емес немесе психикалық аурудың әсерінен әрекетке қабілетсіз деп танылған болса.
Отбасы құқықтық қатынастарында шетелдік элемент қатысуы тек, заңи факті, яғни шетелде қарым-қатынастың туындауы, өзгертілуі мен тоқтатылуы жағдайларына байланысты болады (мысалы, шетел территориясында ресей азаматтарының некені құруы немесе бұзуы).
Отбасылық-құқықтық қатынастардың төмендегідей арнайы белгілері бар:
— Отбасылық-құқықтық қатынастардың субъективті құрамы заңмен анықталған;
— Олар созылмалы сипатта болады;
— Отбасылық-құқықтық қатынастар ақысыз негізде болады;
— Олар арнайы заңдық деректердің негізінде пайда болады;
— Отбасылық-құқықтық қатынастар әкімшілік қатынастармен байланысты болып отырады.
R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика