• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН БІР АЙЛЫҚ ШАРА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ (-2-)

Автор:admin

Июн 26, 2024
Spread the love

Ресми статистикаға сүйенсек, еліміз бойынша есірткі тұтынушылар саны азайғанымен, синтетикалық есірткіге тәуелділер қатары көбейген. Қазіргі таңда синтетикалық есірткі немесе психотропты заттар жастар арасында көп қолданылатындығы анықталып отыр. Мәселен, елімізде дәстүрлі есірткі заттарын тұтынушылардың орта жасы 40-45 жас аралығы болса, синтетикалық есірткі пайдаланушылар негізінен 30-35- тегі, ал ұшпа ерітінділерді 20-25-тегі жастар тұтынатын көрінеді.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік пен ескірткі қолданудың жастардың денсаулығына тигізер зияны кеңінен талқыланды.
Атап айтқанда, нашақорлыққа, темекіге және құмар ойындарға тәуелділіктің зардабы кеңінен түсіндіріліп, елімізде синтетикалық ескірткіні өндіру, сақтау және таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығы жөнінде ақпарат берілді.
Қоғам алдындағы тұрған басты міндеттің бірі-балалар мен жасөспірімдерді шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлықтан қорғау, яғни жат әдеттерге қарсы төзбеушілікті қалыптастыру. Осы мақсатта ағымдағы жылдың бес айында оқушылар мен жастар арасында “Есірткінің адам ағзасына зияны”, “Нашақорлық-қоғамдық дерт”, “Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама” тақырыптарында дәріс-тренингтер, семинарлар өткізіліп, дәрігерлік кеңестер берілді.
Нашақорлық-әлеуметтік құбылыс. Қоғам дертіне айналған нашақорлық адамның өзіне де, қоғамға да аса зиян. Оның қасіретін өскелең ұрпақ жақсы білуі үшін әрбір ата-ана отбасында балаларына жат әдеттердің зардабы туралы айтып отырса, сонымен қатар әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыстар жүйелі жүргізіліп тұратын болса ұтарымыз көп болмақ…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика