• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Апр 26, 2024
Spread the love

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен нашақорлықтың алдын алу бағытында Шымкент аграрлық-техникалық колледжі студенттерінің арасында кездесу өтті.
Мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа баулу.
Жақында кәмелетке толмағандар арасында есірткінің күрт өсуі байқалды. Мұның себептері жеткілікті:
— жасөспірімдер мен жастардың есірткінің денсаулыққа, әлеуметтенуге зиянды әсері туралы хабардарлығының төмендігі;
— сонымен қатар заңсыз синтетикалық құралдардың болуы;
— сұраныс.
Синтетикалық препараттар — бұл жаңа психоактивті заттар. Бүгінгі таңда ең көп таралған жаңа психоактивті заттар «Скорость», «Мефедрон».
«Скорость» деген есірткінің ең қорқынышты салдары – бұл зат психозды тудырып психикаға қатты әсер етеді. Бұл бұзылыстың белгілері әдеттегі шизофренияға қатты ұқсайды және көбінесе ұзақ уақыт қолданғаннан кейін дамиды.
Мефедрон — заңмен шектелмеген шегуге арналған тұз ретінде пайда болған синтетикалық препарат, бірақ кейін бұл затты қолдануға тыйым салынды.
Мефедронды нашақорлар өз ортасында «Меф» деген жаргон сөзімен атайды. «Мефті» 2-3 ай бойы тұрақты қолданғанда денеге қайтымсыз зақым келеді. Нашақор денсаулығы күрт нашарлайды (ішкі органдар ауруыдамиды), бірақ сонымен бірге жеке тұлғаның деградациясына әкелетін психикалық жағдайына да зақым келеді.
Кез-келген түрдегі химиялық препарат денеде ұзақ уақыт сақталады.
Бұл жағдайда олардың кейбіреулері тіндерде жиналып, абстинентті синдром және жаңа дозаға деген ұмтылысты күшейтеді. Қабылдау тәжірибесі неғұрлым көп болса, улы ыдырау өнімдері соғұрлым ұзақ сақталады. Синтетикалық препараттарды қолдану физиологиялық және психологиялық денсаулықты бұзады. Синтезделген заттар тәуелділікті тезірек тудырады-кейбіреулеріне тек бір доза жеткілікті. Бірде-бір препарат оң әсер етпейді, синтетикалық сорттар екі есе қауіпті. Олардың химиялық құрамы көбінесе белгісіз, сондықтан артық дозалану және улану қаупі артады.
Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Манабаева Балжан, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Арынтаева Бағила қатысты.
Кездесу барысында спикерлер нашақорлықтың адам өмірі мен денсаулығына кері әсері, есірткіге құмарлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлар туралы қажетті ақпараттар беріп, жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика