Есірткі – бұл психикалық жағдайдың өзгеруіне әкелетін, жүйелі түрде қолдану тәуелділікке әкелетін өсімдік немесе синтетикалық текті химиялық заттар.
Есірткі заттарын қабылдау жеке тұлғаның деградациясына және ағзаның бұзылуына өте белсенді ықпал етеді, және бұл, адамдар арасында өмір сүретін нашақордың жеке өзіне ғана емес жиі басқалар үшін үлкен қауіп көзіне айналатын іс. Көптеген жағдайларда нашақорлықпен ауыратын адам, өкінішке орай, қоғамға қауіпті қатыгездікке ұшырайды.
Нашақорлық көптеген әртүрлі қылмыстардың, соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың тікелей себебі болып табылады.
Нашақорлық — қазіргі қоғамның қасіреті және ең өзекті проблемаларының бірі. Бұл болашағымызға балта шабатын қауіпті індет. Сондықтан да бұл бағыттағы шараларды көптеп өткізу күн тәртібіндегі маңызды істердің бірі екені даусыз. Келешек жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс жол таңдауға әрдайым ықпал ету бағытында осындай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Жалпы нашақорлық ұлттың физикалық және моральдық денсаулығына қауіп төндіреді. Бұған ұрпақтардың генетикалық азғындауы және нашақорлықтың СПИД, гепатит, басқа да ауыр аурулар, гомосексуализм және жезөкшелік проблемаларымен тығыз байланысы кіреді. Мұнда әртүрлі әлеуметтік мәселелердің жиынтығы бар.
Әрбір нашақор артынан бірнеше адамды есірткіге тартуға бейім. Бұл нашақорлықтың «әлеуметтік жұқпалы ауруы».
Есірткіні көп қолдану едәуір қаражатты қажет етеді. Дегенмен қаражаттың болмауынан нашақорлар көп жағдайда өз отбасынан, жақындарынан, достарынан қомақты сома алып жатады, кейіннен тіпті қаражаттың жоқтығынан қылмысқа да баруы жиі кездеседі. Яғни, бір қылмыс екінші қылмысты тудырады…