• Ср. Мар 19th, 2025
Популярные метки

«МӘРТӨБЕ» ТАРИХИ КЕШЕНІНДЕ «МӘДЕНИ МҰРА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Мар 19, 2025
Spread the love

Мәртөбе тұрғын алабында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Жаңару күніне орай «Мәртөбе» тарихи кешенінде «Мәдени мұра» экологиялық акциясы өтті.

Мәртөбе – қазақ халқының тарихында маңызды рөл атқарған қасиетті орын. Қазақ хандығының тұсында бұл жерге жыл сайын хан-сұлтандар, би-шешендер мен батырлар жиылып, елдің тыныштығын сақтау, көші-қон тәртібін реттеу, жаудан қорғану және басқа да маңызды мәселелерді талқылаған. Осы жерде қабылданған «Жеті жарғы» Заңдар жинағы елдің бірлігін нығайтып, Қазақстанның қазіргі Конституциясының негізін қалады.

Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «30 қайырымды іс» акциясы аясында өткізіліп отырған бұл экологиялық акция елдегі тарихи-мәдени мұраны сақтау мен қоршаған ортаны қорғау мақсатында ұйымдастырылды. Акция барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, зиялы қауым, студенттер және қала тұрғындары Мәртөбе тарихи кешенінің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, абаттандыруға қатысты.

Қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Досыбай Шерімқұлов өз сөзінде:
– «Мәртөбе – халықтық биліктің қайнар көзі әрі дала Парламентінің рөлін атқарған қасиетті орын. Қазақ хандығы кезеңінде бұл жерде қабылданған «Жеті жарғы» Заңдар жинағы еліміздің бірлігін нығайтты. Бүгінгі күні бұл тарихи мұра негізінде қазіргі Конституциямыз қалыптасты. Мәртөбе біздің тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің символы ретінде қастерленіп, оның рухын келер ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз», – деп атап өтті.
Шараның маңызды мақсаты – жастардың экологиялық санасын қалыптастыру, қоғамның тарихи мұраға деген құрметін арттыру және қоршаған ортаны қорғау мәдениетін дамыту болып табылады. Сонымен қатар, бұл іс-шара экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен тарихи мұраны сақтау мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика