• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МӘМС: ПСОРИАЗ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАНДАР ҚҰНЫ 1 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН ДӘРІМЕН ТЕГІН ҚАМТЫЛУДА

Автор:admin

Окт 29, 2024
Spread the love

Шымкентте псориаз ауруына шалдыққан азаматтар бір құтысының құны 1 миллион теңгеден асатын дәрімен қамтылуда. Аталмыш дертпен ауыратындарға тағайындалатын «устекинумаб» препаратын аурудың көрсеткішіне қарай жылына кемінде 4 флаконға дейін қабылдау қажет. Қымбат бағалы дәрі науқастарға тіркелген емханаларында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының есебінен беріледі.

Псориаз – терінің созылмалы қабыну ауруы. Өкінішке қарай жазылмайтын дерт болып саналады. Уақытылы ем қабылдамау мүгедектікке душар етуі мүмкін. Аурудың күрделілігі соншалықты 29 қазан — Дүниежүзілік псориаз күні деп белгіленген. ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының мәліметінше, бүгінгі таңда псориаз ауруымен диспансерлік есепте 300-ге жуық қала тұрғыны тіркелген.

Жалпы, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін дәрілік заттардың тізімін едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді. Шымкентте бүгінгі таңда амбулаториялық тегін дәрі -дәрмек 116 нозология бойынша босатылуда.

Дәрі-дәрмектерді алу үшін пациент өзінің учаскелік дәрігеріне баруы керек. Дәрігер науқастың жағдайын бағалайды және қажет болған жағдайда емхананың дәріханасынан дәрі-дәрмектерді алуға рецепт жазады. Ал, жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде барлық дәрілік заттар тегін беріледі.
#әмсқшымкент#мәмсшымкент

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика