• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

МӘМС жүйесінің тиімділігіне қатысты дөңгелек үстел өтті

Автор:admin

Ноя 8, 2023
Spread the love
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Түркістан облыстық филиалы және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының бірлескен МӘМС жүйесінің тиімділігіне қатысты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды r-factor.kz  ақпараттық агенттігі.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Бейсенбаев медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген соң, салаға қаралған қаржы көлемі жылдан жылға артып жатқанын айтты.
Жалпы, облыс халқына медициналық көмек көрсетуге 204 493 266 мың теңге бөлінді, оның ішінде, медициналық сақтандыру жүйесі пакеті бойынша көрсетілген қызметке 95 432 806 мың теңге.
Бүгінде МӘМС қаражаты есебінен диагностика қызметтерін жекелеген санаттарына қарамастан алу құқығына ие болды. Жалпы, облыста 23 компьютерлік томография аппараты, 12 МРТ аппараты жұмыс істейді.
Қор өкілінің айтуынша, адам МӘМС жүйесі үшін БЖТ төлеуді бастаса, мәртебе алдағы үшінші айда ғана беріледі. Төлемнің бұл түрі республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін — 3 450 теңге, елдімекен тұрғындары үшін 1 725 теңге төлейді.
Жиын барысында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Нұржан Әжіметов МӘМС жүйесіне тұрғындарды толығымен қамту, ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі, медициналық ұйымдар тарапынан көрсетілетін қызметтің сапасына көңіл аударуды, жүйе шеңберінде көрсетілетін қызмет көлемінің артуына қатысты сөз қозғады.
Сонымен қатар, Қор филиалының директоры МӘМС жүйесіне тұрғындарды толығымен қамтуға облыс әкімінің орынбасарының қолдауымен құрылған жұмысшы топтың септігі тиіп жатқанын айтты. Оның ішінде, аудан, қала әкімдері және дербес басқармаларда тұрғындарды жүйеге қатыстыруда өзіндік үлес қосып жатыр.
Өңірде тұрғындардың басым бөлігі ауылдарда тұрады. Осыған орай, ауыл халқын жүрек-тамыр жүйесі, қант диабетінің, асқазан мен бүйректің, созылмалы ауруларының ерте кезеңдерін анықтауға бағытталған профилактикалық тексерулерден өткізу, онкологиялық скринингтер, мектеп медицинасын жүзеге асыру аясында балаларды профилактикалық тексеру қарастырылған. Әрі халықтың ыңғайына қарай медициналық көмектер қолжетімді.
Мұнан бөлек, ауыл халқын қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етуде көлік медицинасын дамытуға үлкен көңіл бөлініп, жылжымалы медициналық кешендер, «Денсаулық пойыздары», санитарлық авиация халыққа қызмет көрсетеді. Бұл жергілікті азаматтардың ешқайда шықпай, бір жерде бірнеше бейінді дәрігердің қабылдауына кіруге мүмкіндік береді.
-Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі, әрбір сақтандырылған адам аударған жарна мөлшеріне қарамастан, медициналық қызметтерді толық көлемде, уақтылы алуға құқылы. МӘМС пакеті пациенттерге қажет негізгі медициналық қызметтерді қамтиды. Атап айтар болсақ, қымбат анализдер, тексерулер, консультациялар, сонымен қатар жоғары технологияларды пайдалана отырып жасалатын операциялар және т.б. қызметтер кіреді. Көптеген операциялар бірнеше миллион теңге тұрады. Ал азаматтар ай сайын аударымдар мен жарнаны тұрақты төлеп, осы қызметтерді қосымша қаржы төлемей ала алады. Қазір көптеген отандасымыз жүйенің тиімді екеніне көз жеткізіп, шарапатын көріп жатыр – деді, филиал директоры.
Айта кетерлігі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бірінші кезекте әр пациенттің мәселесін шешуге мүдделі. Шағым келіп түссе, Қор филиалының сарапшылары шұғыл әрекет етіп, медициналық ұйымдарға шығып, жағдайды сол жерде шешеді.
Жалпы, медициналық ұйымдар тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасына көңіл аудару Қордың негізгі қағидатына кіреді. Сондықтан медициналық ұйымдарға қойылған талап жоғары. Яғни, қызметтің сапасына, әрі халыққа қолжетімді болуына жағдай жасалып келеді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика