• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

МӘМС жүйесінің артықшылықтары мен денсаулық саласына қатысты дөңгелек үстел өтті

Автор:admin

Ноя 7, 2023
Spread the love
Қазақстан халық партиясы Түркістан облыстық филиалында МӘМС жүйесінің артықшылықтары мен денсаулық саласына қатысты дөңгелек үстел өтті. Жиынды партия филиалының төрайымы З.Қамбарова жүргізді, деп хабарлайды r-factor.kz ақпараттық агенттігі.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Бейсенбаев денсаулық сақтауды қаржыландырудың айтарлықтай ұлғаюына байланысты міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмектің қолжетімділігі артты. Емхана деңгейіндегі консультациялар мен диагностикалық қызметтердің саны жыл сайын артқаның алға тартты.
Қазір МӘМС қаражаты есебінен адамдар бұрын тек ақылы түрде қол жетімді медициналық қызметтерді ала алады. 3 жыл бұрын қымбат диагностика азаматтардың жекелеген санаттарына ғана тегін қол жетімді болды және жеткізушілер іс жүзінде жоқ болды. Бүгінгі таңда облыста 23 компьютерлік томография аппараты, 12 МРТ аппараты жұмыс істейді.
МӘМС енгізілгенге дейін азаматтар амбулаториялық емханалық көмекке және дәрілік заттарды сатып алуға көп шығынданатын. Медициналық сақтандыруды енгізгеннен кейін бұрын қаржыландыру тапшылығында болған медициналық көмектің көптеген түрлеріне қосымша қаражат бөлінді.
Қор филилы директоры алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған шығыстарды ұлғайтуды жалғастыру, инфрақұрылым, техникалық жарақтандыру, кадрлармен қамту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін дамыту шаралары жүргізілетінің айтты.
Мұнан соң, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы М.Боташева өңірдегі медициналық ұйымдардың құрал-жабдықпен қамту арқылы науқастарға қажетті жағдайдың жасалып жатқанына тоқталды. Алдағы уақытта халық сұранысын қанағаттандыруға байланысты атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Дөңгелек үстелге келген тұрғындарды мазалаған сұрақтардың негізгі мазмұны МӘМС жүйесі үшін төленетін жарна, жеңілдік санат, стоматология, медициналық ұйымға тіркелуге қатысты болды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға медицина саласының өкілдері жеке-жеке жауап берді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика