• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ — ШЫМКЕНТТЕ

Автор:admin

Июл 3, 2023
Spread the love

Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары басталды. Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Исабеков Данабек Ержанұлы Шымкент қаласына іс-сапары барысында Тұран ауданы Жаңаталап елді мекені, Абай ауданына қарасты Көкбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабтарының, Қызылжар шағын ауданының, Ақжар елді мекенінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Абай аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Бертаев, Тұран ауданы әкімінің орынбасары Б.Мелдебеков және аудан тұрғындары, ауыл билері қатысты.
Басқосуда тұрғындар халық қалаулысына аудандағы қордаланған мәселелер бойынша сауалдарын, талап-тілектерін жолдады. Атап айтсақ, жер телімдерінің құжаттарын рәсімдеу, елді мекендерде көшелерді жөндеу, жайылымдық және суармалы жерлердің мәселесі және т.б.
Кездесуде Данабек Исабеков қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы, оның ішінде депутаттардың әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған заңнамалық бастамалары туралы айтты.
«Қазір халықтың көзі ашық, көкірегі ояу. Халық үніне құлақ асу, тұрғындардың талап-тілегін тыңдау, проблемаларын шұғыл шешу Заңмен де белгіленді. Азаматтық қоғамды дамытуды, ашықтық пен жариялылықты қол­дауды көздейтінін Мемлекет басшысы бұған дейін де бірнеше рет атап өтті. Соның айқын дәлелі Президенттің бастамасымен биыл елі­мізде, оның ішінде біздің ауданымыздағы үш ауылда ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Бұрын ауыл әкімдері депутаттардың дауыс беруімен қызметке кіріссе, енді жергілікті халықтың да­уыс беруімен, яғни қолдауымен сайланады. Бұл олардың халық алдындағы жауапкершілігін көтеріп, қабылдайтын шешімдерін түзеуіне, жергілікті билік жұмысының халыққа етене жақын болуына әсер етері сөзсіз.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­­­­­­­­­­тың биылғы Жолдауы – Қазақстанның тұ­рақ­тылығын сақтай отырып, егемен елі­міз­ді одан әрі дамытуға арналған стратегиялық құжат. Себебі, Жолдауда саяси, әлеуметтік, экономикалық өсудің нақты қадамдары нақты көрсетілді. Оның ішінде, әсіресе, агроөнер­кәсіп, денсаулық, білім, аймақтық дамуға ерек­ше көңіл бөлініп отыр. Парламенттегі де­путаттық корпустың мақсаты – осы бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету болса, жергілікті мәслихат депутаттарының міндеті Жолдаудан туындаған мақсаттарды атқарушы органмен бірлесіп жүзеге асыруға үлес қосу болып табылады.
Сондай ақ, халық қалаулысы №1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасының ұжымымыен кездесіп, медицина қызметкерлерінің ой- пікірін тыңдады.
Өз кезегінде Данабек Ержанұлы тұрғындар көтерген мәселелерді тиісті мекемелерге жолдап, оң шешілуіне ықпал жасайтынын айтты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика