• Ср. Ноя 27th, 2024
Популярные метки

Мүгедектігі бар азаматтар үшін жұмыс орындарына квота қалай беріледі?!

Автор:admin

Окт 7, 2022
Spread the love

Егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстағы өкілетті органның аймақтық бөлімшелерінің қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді атқаруға келмесе, денсаулығына қауіп келсе және өзге тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне қайша келсе жоғарыда аталған шаралар керісінше іске асады. Мүгедектігі бар азаматтар үшін жұмыс орындарына квота «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңның 9-бабының 6-тармақшасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиян, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының 2%-дан 4%-ға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу арқылы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді. Квотаны жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің тізімдік саны бар ұйымдарға белгілейді: ● 50-ден 100 адамға дейін – қызметкерлердің тізімдегі санының 2% мөлшерінде; ● 101-ден 250 адамға дейін – қызметкерлердің тізімдегі санының 3% мөлшерінде; ● 251 адамнан жоғары – қызметкерлердің тізімдегі санының 4% мөлшерінде. Бірақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, қызметкерлердің орташа жылдық саны 20%-дан астамы мүгедектігі бар адамды құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді. Елді мекендерде еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ еңбек етуге қабілетті жастағы мүгедектер болмаған кезде, бұндай елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді.. Бұл квота зейнеткерлік жастағы адамдарға қолданылмайды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде мүгедектігі бар тұлғалар халықтың басқа да осал топтарымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарынан басым тәртіппен өтуге, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға, бизнес-идеяларды іске асыруға 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеусіз негізде микрокредиттер мен гранттар алуға, сондай-ақ қоғамдық, әлеуметтік, бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға құқылы. Егер азаматтың бағдарламаға қатысуға ниеті болса, тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіру қажет немесе «Электрон еңбек биржасы» порталына жүгінуі қажет. Сонымен қатар І және ІІ топтағы мүгедектер мен мүгедек-балаларға білім саласы бойынша 0,5 пайыздық кәсіби және жоғары білім алуларына берілетін квота қарастырылған.  Egov.kz Азамат Еgov.kz электрон үкімет порталына жұмыс іздеуші ретінде де тіркеле алады.   Ол үшін сайттағы «Жұмыс іздеушілерді тіркеу» қызметін пайдалану керек. Қызметке тапсырыс беру барысында жұмыс іздеуші 3 кезеңнен өтеді: 1) жеке ақпарат беру; 2) өтінішті толтыру; 3) қызметке қол қою. Өтініш сәтті жолданғанының белгісі ретінде жеке кабинетіңізге хабарлама келеді. Бос жұмыс орындарын жариялайтын өзге де сайттар Кейбірінде мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы бөлімі болмаса да, қолданушы бұл сайттардан да өзіне сай келетін жұмысты таба алады. Әрқайсының жұмыс істеу алгоритімі әртүрлі. Дегенмен сүзгі жасау функциялары ұқсас. Соған байланысты азамат өзіне қолайлы нұсқаны іздеп көре алады: Hh.kz Market.kz Jumys.sitcen.kz Zarplata.kz Jooble  Qyzmet.kz Joblab.kz Olx.kz Naimi.kz Арнайы еңбек стандарттары қандай болуы керек? Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы бұйрығымен  (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013913) жұмыс орнын ұйымдастырудың арнайы стандарттары қабылданған. Сол бойынша кез келген ғимаратта мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділік стандарттары қарастырылуы қажет. Міндетті түрде пандус, лифт, тактильді тақта болуы керек. Кез келген ғимарат иесі осы шарттарды қамтамасыз етуі керек. «Мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындары» бағдарламасы бар. Жұмыс беруші мүгедекті жұмысқа қабылдағалы жатқанда, ол үшін арнайы жұмыс орнын ұйымдастыра алады. Мүгедектер арбасына бейімделетін эргономикалық үстелді, осы қызметкерге ғана жарамды жабдықты, Брайль пернетақтасы бар компьютерді және Брайль әрпімен басып шығаруға арналған принтерді сатып ала алады. Сондай-ақ арбамен жүруге қанша орын белгіленуі керегін анықтайтын стандарттар бар. Жұмыс беруші қажет құрал-жабдықты сатып алғанын растайтын құжаттарды көрсетеді, бағдарлама бойынша оған жұмсалған ақша өтеледі. Бірақ мүгедектігі бар адам сол ұйымда бір жыл жұмыс істеуі керек. Егер ол жұмыстан шықса, бағларлама бойынша бос жұмыс орнына басқа кандидат ұсынылады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика