• Сб. Апр 19th, 2025
Популярные метки

МОМЫНОВ КӨШЕСІНДЕГІ ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Автор:admin

Апр 17, 2025
Spread the love

Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында орналасқан теміржол өткелі маңында көлік кептелісі жиі туындап, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайсыздық тудырып келген. Аталған өзекті мәселені шешу және азаматтардың қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында теміржол өткелінің құрылысы қолға алынды.

Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қараша айында жасалған мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда:
• Инженерлік желілерді қайта орнату – 90% орындалды;
• Өткел құрылысы – 30% деңгейінде жүргізілді;
• Сонымен қатар, тірек қабырғаларын тұрғызу жұмыстары белсенді атқарылуда.
Жоспар бойынша, 2025 жылдың қараша айында өткел көлік қозғалысына ашылады.

Бұл инфрақұрылымдық жоба – қаланың жол қозғалысын реттеуге, көлік кептелістерін азайтуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды бастама.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика