• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Мидағы қан айналымының қысқа мерзімді бұзылысы туралы не білеміз?

Автор:admin

Ноя 11, 2023
Spread the love
Транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИШ) – мидағы қан айналымының қысқа мерзімді бұзылысы. Кейде микроинсульт аталады. Алайда, инсульттен айырмашылығы (мидың қанмен қамтамасыз етілуінің тоқтауы) транзиторлық ишемиялық шабуылдың симптомдары басылғаннан бір сағаттан кейін жойылады. Мида қан келудің негізгі ағыны мойын аумағында орналасқан артериялар (ұйқы артериясы) арқылы жүзеге асырылады. ТИШ мидың белгілі бір бөлігіне қанның келуінің уақтыша азаюынан туындайды. Көбінесе, қан ағымы қантамырларының ұсақ қан ұйындыларынан тежелу салдарынан төмендейді, қан ұйындылары миға қан келуін және қоректік заттектердің түсуін уақытша тежейді. Мидың қанмен қамтамасыз етілуінің уақытша бұзылысы кезінде оның қызметінің күрт бұзылысы орын алады. Себептері ТИШ кезінде мидың қайтымсыз зақымдануы болмайды. Бірақ, алаңдау қажет, себебі, бірінші ұстамасынан кейін екінші, үшінші болуы, инсульт те болуы мүмкін.
ТИШ симптомдарының себебі — мидың жергілікті ишемиясы (қан жетіспеуі), нәтижесінде ишемия даму орнына байланысты ошақтық симптомдар пайда болады. Ишемияның даму үшін көптеген алғы шарттар болады, олар мидың қантамырларының жағдайына әсер етеді. Олардың негізгілері: · Гипертониялық ауру (артериалдық қысымның артуы) · қант диабеті, · темекі шегу, · 55 жастан асу, · Май алмасуының бұзылуы, · Алкогольді шамадан артық тұтыну, · Аз қимылды өмір салты, · Артық салмақ, · Қан ұюының артуы. Симптомдары ТИШ, әдетте, бірнеше минуттан 1 сағатқа дейін созылуы мүмкін, және көпшілік симптомдар бір сағаттан кейін жойылады. Науқаста шабуылдар бірінен соң бірі пайда болуы мүмкін — мұндай жағдайдағы симптомдар: · Қозғалудың бұзылысы, бас айналуы · Ұйқы басуы, сигналдарға нашар серпін, естің бұзылысы немесе тіпті, коматозды жағдай · Температураға, ауырсыну тітіркендіргіштеріне, қысымға, есту сигналдарына және дәм сезуге сезімталдықтың бұзылуы · Естің қалыпты болмауы немесе есті жоғалту · Оқу мен жазудың қиындауы · Жұтудың қиындауы · Беттің маска тәрізденіп, ешқандай сезім білдірмеуі · Нысандар мен адамдарды тану қабілетінің бұзылуы · Қуық пен ішекті бақылаудың бұзылысы (несеп пен нәжісті ұстамау) · Қимыл үйлесімінің бұзылысы – үйлесімнің бұзылуы, қолайсыздық, әдеттегідей емес жүріс · Бір немесе екі көздің көруінің бұзылысы · Дененің бір немесе бірнеше бөлігінде ұйып, жансыздануы · Көңіл-күй бұзылысы, нашарлауы · Сөзді түсінуде және айтудағы қиындықтар · Дененің бір бөлігіндегі әлсіздік.
ТИШ болған науқаста беттің ассимметриялығы (біркелкі еместігі), ауыз бен көз бұлшық етінің енжарлығы байқалады. Кейбір жағдайда зақымданған адам қолын жоғары көтеріп ұстай алмайды. Сөйлеу айқын болмайды. Егер миға ұзақ уақыт бойы қан түспесе, немесе симптомдардың ұзақтығы 24 сағаттан асатын болса, шабуыл инсульт саналады. Егер біреуде ТИШ байқасаңыз, жоғарыда келтірілген белгілердің болуын тексеріңіз.
Инсульт кезінде әдетте, мидың бұзылыстары анықталады, ал ТИШ кезінде мұндай өзгерістер анықталмайды. Емдеу Жарамды емдеуді таңдау көптеген факторларға байланысты: науқастың жасы, аурудың тарихы, кейбір белгілері мен симптомдарының сипаттамасы. Дұрыс және тиімді емдеу ТИШ қайталану немесе инсульт болу қаупін едәуір азайтады
Дәрігерге қашан көріну қажет ТИШ – шұғыл медициналық жәрдемді қажет етеді. Симптомдар пайда болысымен Жедел жәрдемді шақырыңыз. Симптомдар өздігінше өткендігіне қарамастан, оларға міндетті түрде назар аудару қажет. Болжамы ТИШ, әдетте, мидың зақымдануын туындатпайды. Алайда, ТИШ — нағыз инсульттің жуырдағы күндерде немесе айларда болуының мүмкіндігінің маңызды ескерту дабылы. ТИШ болған адамдардың 10 пайызынан астамында 3 айдың ішінде инсульт дамиды. Бұл жағдайлардың жартысында жақын арадағы 48 сағат ішінде болады. Инсульт сол күні немесе кешірек болуы мүмкін. Кейбір адамдарда бір, басқаларда бірнеше көрінісі болуы мүмкін.
Алдын алу · Негізгі ауруларды уақытылы емдеу, · Зиянды әдеттерден бас тарту, Дене жаттығуларымен айналысу.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика