• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МЕРЗІМДІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ МӘСЕЛЕСІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Автор:admin

Сен 19, 2024
Spread the love

Қыркүйек айынан бастап күзгі мерзімге әскерге шақыру науқаны басталған болатын. Осыған байланысты қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтановтың азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша арнайы жиын өткізді.
Жиынға қалалық біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, подполковник Ерлан Біләлов, денсаулық сақтау, құқыққорғау органдары, ауыл әкімдері мен мамандары қатысты.
Маңызды басқосуда қала әкімінің орынбасары күзгі мерзімдегі әскери қызметке шақыру жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, әскери қызметке шақырылушылардың уақытылы дәрігерлік тексеруден өтуін қамтамасыз ету, әскерден жалтарып жүрген азаматтарды әскерге тарту және әскери қызмет етудің маңыздылығын насихаттау жөнінде тапсырмалар берді.
Айта кетейік, Арыс қаласынан әскерге шақырылған азаматтар Ұлттық қауіпсзідік комитетінің шекара қызметіне, Қазақстан республикасының қарулы күштері, ҚР Ұлттық ұланы, Мемлекеттік Күзет қызметі, ТЖ министрлігі әскері сапына борыштарын өтей алады.
Қазіргі таңда әскерге аттанған азаматтарға мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар қарастырылған. Атап айтқанда, несиесі бар азаматтарға 13 айлық каникул, бұдан бөлек, үлгілі тәртібіне және мерзімді әскери қызметін өтеу кезеңінде жауынгерлік даярлықта қол жеткізген жоғары нәтижелеріне қарай әскери қызметшілерге жоғары оқу орнының гранты есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігі беріледі.
Бүгінде еліміздің барлық өңіріндегі 40-қа жуық жоғары оқу орны әскери борышын өтеген азаматтарға білім алуға жеңілдік жасайды. Бұл бастама да азаматтардың әскерге баруға құлшынысын оятуға бағытталған, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика