1- маусым балалар күніне орай “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында № 132 мектеп қабырғасында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға “AMANAT” партиясы Қаратау аудандық филиалының төрағасы, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Имашев Қайрат Есенбекұлы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, балаларға ізгі тілегін білдірді.
Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.
Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі — балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі.
Сондай-ақ, халық қалаулысы бүлдіршіндерге түрлі ойыншықтар тарту етіп, мерекелік көңіл-күй сыйлап, алғысына бөленді.
«AMANAT» партиясы көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі, ерекше қажеттіліктері және аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік тұрғыда қолдау және олардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруды тоқтатпайды. Мәселен, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған.
Шымкент қаласында осы жоба аясында жыл сайын көп балалы, жалғызбасты және аз қамтылған 500 отбасыға қолдау көрсетіледі. Жоба аясында жүзеге асырылып жатқан маңызды іс-шараның бірі – инклюзивті білім беруді дамыту. Алдағы бес жылдықта қаладағы барлық мектептерде осы мақсатта ресурстық кабинеттер ашылады.
Сонымен қатар, партия Шымкент қаласында 2023-2027 жылдары аралығында «Бақытты жанұя» атты 5 орталық ашылуына ықпал жасайды. Үкіметтің алдына аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған бөлек жәрдемақы белгілеу міндетін қояды.
1 маусым Балаларымызды қорғау күні құтты болсын! Балалар аман болсын, денсаулығы мықты болсын! Балалардың жолы ашық болып, ойлаған армандарына жетсін, біздердің қуанышымыз болсын!