• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Автор:admin

Июн 22, 2024
Spread the love

Жыл сайын 23 маусымда қазақстандық полицейлер өздерінің кәсіби мерекелерін тойлайды.
Қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу – мұның бәріне жоғары кәсібилік қана емес, сондай-ақ батылдық, борышқа адалдық, жауапкершілік қажет. Барлық полиция қызметкерлеріне кез келген сәтте көмекке келуге дайын болғаны үшін алғыс айтамыз. Тәртіп сақшыларының жұмыстарының тиімділігі — қазақстандықтардың қауіпсіз өмірінің, ертеңгі күнге деген сенімінің кепілі.
Түркістан облысы Полиция департаменті Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Полиция күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті.
Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғам тыныштығының күзетінде тұрған сақшылар кәсіби мерекеге орай марапатқа ие болды. Бұл күні сала ардагерлеріне де қошемет көрсетілді. Халықаралық серіктестікті нығайтуға үлес қосып жүрген шетелдік мамандардың да еңбегі бағаланды.
Іс-шараны аудандық полиция бөлімінің бастығы Есенғали Елікбайұлы Бейсебаев ашып полицейлерді атаулы мерекелерімен құттықтады.
Шараға өздерінің адал қызметімен халықтың құрметіне ие болған ардагер полицейлер мен қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің туыстары да шақырылды.
Сонымен қатар Есенғали Елікбайұлы қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген полицейлерді марапаттап, аудан әкімінің Алғыс хаты мен аудандық полиция бөлімінің марапаттарын табыстады.
Мерекелік шара концерттік бағдарлама мен футболдан ұйымдастырылған спорттық сайысқа ұласты.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика