• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Автор:admin

Май 30, 2023
Spread the love

Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.
Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.
Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі — балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі.
БҰҰ-ның жүргізген сауалнамасына жүгінсек, бүгінгі таңда әлемде әрбір оныншы бала үлкендер тарапынан жасалатын зорлық пен зомбылыққа ұшырайды екен.
Әлемде өмірі қатерге толы балалар да баршылық. Аш-жалаңаштық, соғыс өрті, терактілер балалар ғана емес, үлкендердің де психикасына кері әсерін тигізеді. Бұл- қорғансыз балалардың басына түскен үлкен ауыртпалық екендігі шындық.
Шын мәнінде балалардың әр күні мереке болуы тиіс. Олардың өмірінің қауіпсіз болуы, соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру барлығы кез келген адамның міндетіне кіру керек.
1- маусым балалар күніне орай Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бөкейхан Нұралыұлы Әбішев аудан аумағында орналасқан бүлдіршіндер үйіне барып, балаларға базарлық таратты.
Халық қалаулысы бүлдіршіндерге түрлі ойыншықтар сыйлап, «Бөрте» компаниясының сүт өнімдерін үлестіріп берді.Тәулігіне 15 тонна сүтті өңдеуге қауқарлы кәсіпорын қаймақ пен айран, сары май, құрт, балмұздақ және балаларға арнап «Бөрте Милка» йогуртының 5 түрін шығарады. Мұнда барлық жұмыс адам қолымен емес, роботтардың көмегімен атқарылады екен.
Осылайша Бөкейхан Әбішев балақайларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, алғысына бөленді.
Айтқандай, балалар үйінің кез келген демеушіге есігі айқара ашық. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған қамкөңіл балаларға әрқайсысыңыз қуаныш сыйлай аласыз.
Ендеше барлық балаларды төл мерекелерімен құттықтаймыз. Болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне тілектеспіз! Балалар жыламасын!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика