Балалар күнін өткізу жөніндегі шешім 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданады. Ал Халықаралық балаларды қорғау күні алғаш рет 1950 жылы атап өткізілді. Шын мәнінде балалардың әр күні мереке болуы тиіс. Олардың өмірінің қауіпсіз болуы, соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру барлығы кез келген адамның міндетіне кіру керек.
Бұл күні барлық балалар мекесі мен отбасы мерекені естен кетпестей етіп өткізуге тырысады. Халықаралық балаларды қорғау күнінің өз нышаны – туы бар. Оның түсі жасыл әрі тудың ортасында түрлі-түсті бояумен салынған балалардың сұлбалары бейнеленген. Олардың барлығы Жер шарына қол тигізіп, баршаның мәңгілік мекені – Жер екенін көрсетеді.
Облыс орталығында ерекше қажеттілігі бар 200-ге жуық балаға мерекелік қоржын табысталды.
Қалалық Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театрында өткен жиынға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Элмира Бейсенова және ерекше қажеттілігі бар балалар мен ата-аналары қатысты.
Шарада алғы сөз алған қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы: Бала жүрегі ана деп,ана жүрегі бала деп соғады. Қазақ қашанда баланы болашағым деп біліп, тәрбиесіне аса мән берген. Ұлтымыздың мәңгі өмір сүруі де балаларымызға байланысты. Бүгінгі балаларды қорғау күнінің де еліміздегі бала құқығының әрқашан бірінші орында қорғалатынын көрсетеді», деп қала басшысының кішкентайларға мерекелік қоржынын таратып, құттықтауын жеткізді.
Ерекше қажеттілігі бар балаларға толыққанды білім беріп, мүмкіндік сыйлап және қоғамның ажырамас бөлшегі ретінде қарау – кез келген мемлекеттің алдында тұрған басты міндет.
Біз әр баланың қажеттіліктеріне және басқа жағдайларға қарамастан, олардың қажеттілігін толық іске асыруға, қоғамға пайдалы болуына және оның толыққанды мүшесі болуына мүмкіндік беруіміз керек. Білімге ерекше қажеттіліктері бар балалар өз қатарластарымен бірге қарапайым балабақшада білім алып, дами алады. Бұл балалардың интеграцияланған білім алуы үшін балалар арасындағы қашықтықты, әртүрлі іс-әрекеттерде тең серіктестікті толығымен алып тастау қажет. Балабақшаға тек балаларды тәрбиелеу мекемесі ғана емес, сонымен қатар әр баланың «нақты аймағынан проксимальды даму аймағына» яғни табиғи ынталандырушы өмір кеңістігі ретінде қарау маңызды. Мұндай ерекше қажеттіліктері бар балалар талаптарды топтағы құрдас балалармен тең дәрежде орындай алады. Арнайы білім беру қажеттіліктері- бұл қазіргі қоғамда жақында пайда болған термин.
Қазіргі таңда инклюзивті білім беру- балалардың қоғамға бейімделуіне ауадай қажет. Қоғам балаларды «қалыпты» және «қалыптан тыс» деп бөлуден алыстауымыз қажет. Қазір қоғамымызда күннен-күнге бұндай ерекшеліктері бар балалар жыл санап артып келе жатыр. Бұл әрине қорқатын жағдай. Соған орай мемлекетіміз инклюзивті топтар ашуды қолға алуда. Ол топтарда баланың дамуына балаларға барлық жағдай жасалады. Ең жиі кездесетін қабілеттерге қарамастан, егер балаға ата-аналармен қоғам тарапынан тиісті назар аударылмаса, баланың дамуы тежелуі мүмкін. Көбінесе ата-аналар тарапынан қателіктер кетіп жатады. Ата-аналар баламен қарым- қатынасты күшейту қажет. Баламен сөйлесу керек, смартфонға тәуелді қылмай, әртүрлі ойындар ойнауын қадағалау керек. Басқа балалармен топтасып ойнау және олармен қарым-қатынасы маңызды.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді мектептің педагогикалық ұжымымен ынтымақтастықта мамандар тобы жүзеге асырады.
Егер ПМПК (психологиялық- медициналық — педагогикалық консультация ) қорытындысы бойынша бала кәдімгі сыныпта оқуға жолдама алса, ол ППҚ қызметіне (психологиялық-педагогикалық қолдау) одан әрі психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге жіберіледі .
Бала мектепке оқуға келеді. Мүмкіндігі шектеулі оқушы үшін арнайы жағдайлар жасалады. Оқушы, ең алдымен, сыныптағы мұғалімнің, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының көмегі мен қолдауын алады.
Психологиялық-педагогикалық қолдау арнайы мектепте де жүзеге асырылады.
Психологиялық -педагогикалық қолдау:
— семинар-практикумдар, кеңестер ұйымдастырады және өткізеді; баяндамалар, сөз сөйлеу нысанында педагогтердің жұмыс тәжірибесін жинақтайды; әдістемелік ұсынымдар әзірлейді;
— нормативтерге сәйкес даму мүмкіндігі шектеулі балалардың физикалық қолжетімділігі және оларды оқыту үшін тиісті материалдық-техникалық жағдайлар жасайды (арнайы жабдықтар, құрылғылар, қосалқы және техникалық құралдар, заманауи көрнекі-дидактикалық материалдар);
— кітапхананы арнайы оқу-коррекциялық дамыту бағдарламаларымен, арнайы әдістемелік және оқу әдебиетімен қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Ал, біздің міндетіміз- мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамда болатын қиындықтарға төтеп бере алатындай жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмек беру.
Мүмкіндігі шектеулі баланың жеке басын диагностикалау нәтижелері бойынша мамандар белгілі бір бұзушылықтарды түзету үшін жеке жоспар жасайды. Бұл ұсыныстар педагогтар мен ата-аналарды түзету, диагностикалық, профилактикалық және оңалту жұмыстарын жүргізу бойынша жеке кешенді білім беру бағдарламасына біріктіріледі. Мұндай бағдарламаның мақсаты – ерекше білімді қажет ететін баланы білім беру мекемесінің жағдайына бейімдеуге, оның білім мен тәрбие қажеттіліктерін сәтті жүзеге асыруға, отбасын консультациялық әлеуметтік-педагогикалық қолдауға көмек көрсету.
Жеке білім беру бағдарламасының мазмұны бірнеше өзара байланысты бөлімдерден тұратын біртұтас жүйені білдіреді, олардың әрқайсысы өзінің семантикалық жүктемесін көтереді. Бұл бөлімдер мүмкіндігі шектеулі балаға әртүрлі бағыттар бойынша психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Бөлімдердің мазмұны негізгі материалды шоғырландыратын негізгі білім беру объектілері төңірегінде топтастырылған.
Кешенді білім беру барысында ерекше білімді қажет ететін баланың қажеттіліктері мен психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындыларына сәйкес білім мен тәрбие беру үшін арнайы жағдайлар жасалуы мүмкін. Ерекше білімді қажет ететін балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаның оқу кестесін, оқу жүктемесін, оның білім беру бағдарламаларын игеру мерзімдерін, оны сертификаттауды қоса, жеке оқу жоспарлары жасалады.
Инклюзивті білім беру моделі келесі әлеуметтік тәсілге негізделген – ерекше білімді қажет ететін балаларды емес, қоғамды және оның ерекше балаларға деген қатынасын өзгерту керек. Инклюзия ерекше білімді қажет ететін балалар үшін ғана емес, дені сау балалар үшін де дамыған, ізгілікті және тиімді жүйе ретінде танылады. Ол мектеп жүйесінің критерийлеріне қаншалықты сәйкес келетіндігіне қарамастан, барлығына білім алуға құқық береді. Олардың әрқайсысының даралығын құрметтеу және қабылдау арқылы тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады. Бұл кезде балалар ұжымда, бір-бірімен қарым-қатынас жасауды, қарым-қатынас орнатуды, мұғаліммен бірге оқу мәселелерін шығармашылықпен шешуді үйренеді.
Инклюзия – бұл жалпы білім беретін мектепте ерекше білімді қажет ететін баланың физикалық қатысуы ғана емес екенін түсіну керек. Бұл мектептің өзінде, мектептегі мәдениетте және білім беру процесіне қатысушылар арасындағы қатынастар жүйесінде өзгеріс, мұғалімдер мен мамандардың тығыз ынтымақтастығы, баламен жұмыс жасауға ата-аналарды тарту.
Бүгінгі таңда, жаппай мектеп мұғалімдері арасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге қажетті дайындықтың болмауы проблемасы өте өткір. Инклюзивті ортада жұмыс істеуде мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерінің жетіспеушілігі, психологиялық кедергілер мен кәсіби стереотиптердің болуы.
Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту процесінде мұғалімдер мен ата-аналардың арасындағы қарым-қатынас ерекше рөл атқарады. Ата-ана баласын жақсы біледі, сондықтан бірқатар мәселелерді шешуде мұғалім олардан құнды кеңестер ала алады. Педагогтар мен ата-аналардың ынтымақтастығы жағдайды әр қырынан қарауға көмектеседі, демек, ересектерге баланың жеке ерекшеліктерін түсінуге, оның қабілеттерін анықтауға және дұрыс өмірлік нұсқауларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу – әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына тез үйренуіне мүмкіндік туғызумен сипатталады. Білім беру ұйымдарындағы инклюзивті оқытудың негізіне балалардың құқығын кемсітпеу, теңдік қатынасты қамтамасыз ету, арнайы жағдай қалыптастыру арқылы білім беру мен тәрбиелеу жатады. Зерттеулер көрсеткендей, даму мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы анықталған.
Адамзат өркениетінің ең басты жетістігі демократиялық құндылықтардың қоғам құрылысын реттейтін халықаралық стандарттар деңгейіне көтерілуі дейтін болсақ, «бала құқығы» ұғымы сол демократиялық құндылықтардың негізгі нышандарының бірінен саналады. Адам құқығы, әйел құқығы, бала құқығы дейтін асыл ұғымдардың түпкілікті маңызын түрліше тәпсірлеп, сан-саққа жүгіртіп, пікір таластырып жататын қазақ қоғамына қарап, демократиялық құндылықтар елімізде іс жүзінде қаншалықты салтанат құрып тұрғанын көруге болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың еліміздің басты басымдығы екенін, отбасыларды қолдап, балалардың тәрбиесі мен өсіп-дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Жас ұрпаққа қамқорлық жасау біздің әрқайсымыздан басталатынына сенеміз. Барлық өскелең жас ұрпаққа мықты денсаулық, бақытты балалық шақ және елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңдар деп тілейміз. Балаларды қорғау күні құтты болсын!
Балалар – біздің болашағымыз, оларды желеп-жебеп жүру — қоғам қамқорлығының басты аспектісі. Бұл күн әр балаға қауіпсіз балалық шақ сыйлап, болашақта бақытты болып, табысқа жетуге көмектесетін білім, қамқорлық пен махаббатқа ие болу мүмкіндігін беру қажеттігі туралы есімізге салады. Біздің қоғам балалардың қауіпсіздігі мен амандығын бірінші орынға қойып, барлық қауіп-қатерден қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіс.
Шара соңында бүлдіршіндерге арнайы дайындалған мерекелік концерт қойылып, театр өнерпаздары ертегі ұсынды.
Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Элмира Бейсенованың мәлімдеуінше, шаһарда жалпы 1600 ерекше қажеттілігі бар бала тұрады. Оларға әлеуметтік көмектің барлық түрі көрсетіледі. Одан бөлек, ай сайын «Мейірімді жүрек» акциясы ұйымдастырылып, балалардың қоғаммен байланысуын қамтамасыз ету шаралары жүйелі өткізіледі.
Мереке құтты болсын! Балаларға көтеріңкі көңіл-күй, армандарының орындалуын және жазғы демалысты жақсы өткізулерін тілейміз!