• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Автор:admin

Май 31, 2024
Spread the love

«1 маусым – Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай оқушылардың жазғы демалысын тиімді, қызықты, пайдалы өткізу мақсатында Кентау қалалық № 4 БЖСМ-нің ұйымдастыруымен футболдан топаралық жарыс өткізілді, деп хабарлайды Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Жарыс нәтижесінде жеңіске жеткен командалар мен үздік ойыншылар тиісті дәрежедегі диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кететін, тәні саудың — жаны сау. Деніміздің сау болуы біздің бүгініміз бен ертеңіміздің жарқын болуына кепілдік береді. Салауатты өмір сүру салтын кішкентай кезімізден бойымызға сіңіріп, әдетке айналдыруымыз қажет.
Дене шынықтырумен, спортпен баланы кішкентай кезінен үйреткен жөн. Себебі, дәл осы кезде балалар үлкендерден үлгі алып, үйрене бастайды. Спортты отбасылық дәстүрге айналдыратын болсаңыз, тіптен тамаша. Сол кезде жаттығу жасау балаға «жаза» немесе қосымша күш емес, қалыпты физикалық жаттығу, ата-анамен жылы тілдесуге мүмкіндік беретін ерекше сәт ретінде есінде қалады. Бұл баланың психилоголиялық тұрғыдан дамуына да көп көмегін тигізеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларға спорт икемділігін арттырып, жылдамдық реакциясын және де адамдармен байланыс орнатуға жағынан пайдалы. Мәселен, мұндай жастағы балалар гимнастика, футбол, мәнерлеп сырғанау сынды спорт түрлеріне икемді болады. Ал 7-9 жастар жастан кейін жалдамдыққа жұмыс істеп, жүктемесі көп спортпен шұғылдандыруға әбден болады. Атап айтқанда, ат спорты түрлері мен таушыңғы спорты осы жастағы балаңызға ұнауы мүмкін.
Ал 11 жастан кейін балаларды жарақат алу қауіпі бар спорт түрлеріне қорықпай қатыстыра аласыз. Әдетте, ата-аналар бұл кезеңде балаларды гандбол, альпинизм, ауыр атлетика сынды спорт түрлеріне баулиды.
Егер сіздің балаңыз сангвиник типті, белсенді болса, онда оған командалық (футбол, баскетбол, волейбол) және мықтылығын көрсететін (альпинизм, семсерлесу) сынды спорт түрлері оң келеді.
Балаңыз жастайынан холерик болса, яғни, мінезді, жігерлі болса онда оны теннис, күрес түрлері мен ат спортына қызығушылығын арттырыңыз. Ал флегматиктерге ұзақ жаттығу мен жаттығудағы көп жүктеме олардың ішін пыстырмайды. Соныдақтан, осы типтегі балаларды жүзу, жүгіру және қайық спорттарына қатыстыра аласыз.
Табиғатынан темпераменті меланхолик болса, командалық емес, жекелей санаттағы спортқа баулығаныңыз абзал.
Егер сіздің балаңыз арық, бұлшық еттері әлсіз болса, онда жылдамдық пен төзімділікті дамытатын спорт түрлеріне назар аударыңыз (көркем гимнастика, велоспорт). Егер ұлдың немесе қыздыңкеуде тұсы кең, иық пен жамбастың ені бірдей болса, онда командалық спорт түрлері қолайлы. Ал сіздің балаңыздың қаңқасы үлкен, бұлшықеттері мығым болса онда ол физикалық күшті талап ететін спорт түрлерімен қиналмай шұғылдана алады. Мысалы, пауэрлифтинг, бокс, ауыр атлетика спорт түрлері осы санатқа жатады.
Қысқа бойлы, дене бітімі арық балалар көбіне мылтық ату және мотоспортқа икемді болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика