Шығармашылық іс-шараға қалалық ПД-нің бес аудандық полиция басқармалары мен патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің дарынды ұл мен қыздары қатысты.
Жас суретшілер байқаудың өткізілуіне аса қызығушылық танытты. Балалардың жұмыстары патриоттық көңіл-күйге толы болды. Қатысушылардың әрқайсысы тәртіп сақшысының бейнесін өзінше суреттеген, бірақ барлық шығармаларды «полицей – қорғаушы» деген бір ой біріктірді.
Балалар өз еңбектерін полиция департаментінде өткен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шарада ұсынды.
Байқаудың барлық қатысушыларына алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Іс-шара полицияның имиджін нығайту мен патриотизмді насихаттауға бағытталған.
Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, полицияның оң имиджін қалыптастыру жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады.
Жыл басында Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында:
— Қоғамдық жерлердегі вандализм – соның айқын көрінісі. Халқымыздың дүниетанымына жат идеология да елімізге зор қауіп төндіреді. Әсіресе, жас ұрпақ жасанды идеялар мен «жалған батырлардың» жетегіне ілесіп кетуі мүмкін. Әлеуметтік желіде жастарды заңсыз іс-әрекет жасауға шақыратын материалдар таралуда.Тіпті, заң бұзған адамдарды үлгі етіп көрсететіндер бар. Біздің азаматтарымыз кез келген заңсыздыққа қарсы болуы керек, яғни бізге заң бұзушылыққа төтеп беретін мықты иммунитет қажет. Ел ішіне іріткі салатын, қауіп төндіретін әрекеттерді ақтауға қатаң тосқауыл қою керек. Құқықтық нигилизмге, яғни заң үстемдігін жоққа шығаруға жол берілмеуге тиіс. Заңға деген құрмет адал азаматқа тән қасиеттің бірі ретінде дәріптелуі қажет. Бұл – мемлекеттік органдарға ғана емес, барша халыққа ортақ міндет. Қысқасы, заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету – Әділетті Қазақстанды құрудың басты шарты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.