• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ. (-3-)

Автор:admin

Май 23, 2024
Spread the love

Президент Қ.Тоқаев әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін үнемі көтеріп отырады. Президенттің бастамасымен 2019 жылдан бастап әйелдер мен балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына, адам саудасына қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. ІІМ құрылымында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша арнайы бөлімшелер құрылды. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша 2021 жылы олардың штат саны 256 бірлікке дейін ұлғайтылды. Мұндай лауазымдар қазір әрбір қалалық және аудандық полиция органында бар. Сондай-ақ, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеу бойынша әйел тергеушілердің мамандануы енгізілді.
2023 жылы Мемлекет басшысы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды. Бұл тапсырма Президенттің Жарлығымен 2023 жылғы 8 желтоқсанда бекітілген Адам құқықтары мен заңның үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарына енгізілді. Оны іске асыру шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдар Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көріністері үшін жауапкершілікті қатаңдатуға, отбасы институтын нығайтуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық түзетулер әзірледі.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қарапайым азаматтардың осы мәселе бойынша ұстанымын толық қолдайтынын айтты. Осыдан кейін заңнамалық шаралар одан әрі күшейтіліп, ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру қылмыстары Әкімшілік кодекстен Қылмыстық кодекске ауыстырылды. Ұрып-соғудың кез келген фактісі енді Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі шеңберінде қаралатын болады…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика