Үкімет отырысында отандық өндірушілерді қолдау шаралары талқыланды. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Мемлекеттік сатып алу туралы заңның алғашқы нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Биылғы 5 айда мемлекеттік келісімшарттардың рекордтық көлемі байқалды – жалпы сомасы 5 трлн теңгеге 845 мың келісімшарт жасалған. Былтырғы кезеңде 2,4 трлн теңгеге 660 мың келісімшарт тіркелген, яғни өсім айтарлықтай артқан, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес ұлттық режімнен алып қою тізбесі едәуір кеңейтіліп, бұл шетелдік өндірушілерге мемлекеттік сатыпалымның белгілі бір санаттарына қатысуын шектеді. Аталған тетікті қолдану оның тиімділігін көрсетті. Бұл амал отандық тауарлардың сатыпалым саласындағы үлесін арттыруға септігін тигізіп, жергілікті өндірісті дамытуға жол ашады.
Заңда Қаржы министрлігі бекіткен тізім мен көлемге және қағидаларға сәйкес шағын және орта бизнес субъектілерінен сатып алудың басымдыққа ие тәртібі қарастырылған. Бұл шешім ШОБ субъектілерінің мемлекеттік сатыпалымға қатысуын күшейтуге, сондай-ақ отандық шағын және орта буын кәсіпорындарын тұрақты тапсырыс пен олардың орнықты өсімін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы арқылы елімізде кәсіпкерлік пен жұмыспен қамту ісін дамытуға қосымша жағдайлар жасалып отыр.
Бұдан басқа, офтейк-келісімшарттарды бір көзден алу тәсілімен жасасу практикасы жоспарлы түрде енгізіліп жатыр. Осы тәсіл әсіресе өнімді сатудың ұзақмерзімді кепілдіктерін қажет ететін кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Толығырақ https://ortcom.kz/kk/novosti/1748949063 сайтында.