• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР — МАҚТАНЫШЫМ

Автор:admin

Июн 4, 2024
Spread the love

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күні мерекесі қарсаңында, “АМАNAТ” партиясы Тұран аудандық филиалына қарасты “Жаңару” бастауыш партия ұйымының ұйымдастырумен № 35 жалпы білім беретін орта мектебінде “Мемлекеттік рәміздер-мақтанышым” атты кітап көрмесі өтті.
Мектептің Мемлекеттік Рәміздер бұрышы жанынан ұйымдастырылған кітап көрмесіне тәуелсіздігіміздің нышаны, Отанымыздың ұлттық мақтанышы-Мемлекеттік рәміздер туралы кітаптар, рәміздер тарихы мен ғылыми еңбектер туралы материалдар орналастырылды.
Іс-шара барысында мектепті бітіруші сынып оқушылары Мемлекеттік рәміздер туралы жинақтаған деректері мен түсініктерін ортаға салып, Мемлекеттік рәміздер және оның тарихына байланысты сұрақтарға жауап берді.
Іс-шараны қорытындылап, “АМАNАТ” партиясы Тұран аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Б.Қ.Әліпов сөз сөйледі.
— Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаhармандығы мен даналығын, болашаққа сенімін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Тәуелсіздігіміздің нышандарын көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті, өйткені олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз — деді Б.Әліпов.
Сонымен қатар, Бақтыбай Қиянбекұлы іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге Ұлттық Бірыңғай тесттен жоғары көрсеткіштерге жетіп, аңсаған армандарының орындалуына тілектестігін білдірді.
Айта кететін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Елтаңбаға қатысты сыни пікірлер айтылып жатқанын мәлім еткен еді.
– Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек, – деген Тоқаев.
Алайда бұл ұсыныс қоғамнан қолдау таппады десе де болады. Депутаттар да аса қолдай қоймаған. Ізінше, мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин “Елтаңбаны өзгерту – президенттің ұсынысы емес” деп бұл тақырыпты түйіндегендей болды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика