• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫНЫҢ АРҚАСЫНДА КӘСІП КӨЗІН ТАПҚАН КӨПБАЛАЛЫ ӘКЕ

Автор:admin

Сен 4, 2024
Spread the love

Кентау қаласында мемлекеттік қолдаудың арқасында қайтарымсыз несие алып, өз кәсібін ашқандар қатары жыл сайын көбейіп келеді, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Сондай жанның бірі Кентау қаласының тұрғыны, көпбалалы әке — Бақыт Ибраев. Ол биыл өзі ұсынған бизнес-жоспарын ойдағыдай қорғап, тиянақты жасалған бизнес жобасына кәсіпкер қайтарымсыз грант жеңіп алды. Оған ол шұжық жасайтын қажетті құрылғыларды сатып алған.
«Жаңа кәсіптің көзін тауып, бүгінде алға өрлеп келе жатқанына қуанам. Мемлекеттарапынан қолдау тауып, ісімді дөңгелетуде үлкен септігі тиді. Сұраныста артып келеді. Болашақта химиялық қоспалары жоқ, нағыз еттен жасалатын шұжықтың көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмын» -дейді кәсіпкер.
Кәсіпкер күніне 20-30 данаға дейін таза қара малдың етінен табиғи өнімнен шұжық жасап шығаруда. Қазіргі таңда қала және қалаға қарасты ауыл дүкендеріне ұсынады. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе өз кәсібін кеңейтіп, осы бағыттағы жұмыстарын әлі де дамытуды жоспарлап отыр.
Айта кететін, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында отандық экономиканың креативті секторын дамытуға айрықша назар аудару туралы тапсырма берген болатын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі «Креативті индустрияларды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын» әзірлеп, бекітті. Осы тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында, ең алдымен, «креативті индустриялар» ұғымы еліміздің қолданыстағы заңнамасына енгізіліп, бұл саланы реттеу мен оған мемлекеттік қолдау көрсетудің құқықтық негіздері жасалды.
Стратегиялық бастамалар агенттігінің мәліметі бойынша, креативті экономика әлемдік жалпы ішкі өнімнің 6% — дан сәл астамын құрайды, бұл бүкіл әлем бойынша Ұлттық ЖІӨ-нің орташа есеппен 2-7% құрайды.
Аумақтарда креативті экономиканы дамытудың маңызды себептері: аймақтың инвестициялық және туристік әлеуеті артады, халықтың өмір сүру сапасы жақсарады, жаңа жұмыс орындары құрылады, аумақтар абаттандырылады, экономиканың басқа секторлары дамиды (қоғамдық тамақтану, сауда, логистика).
Бүгінде креативті экономика өн­діріс­тік экономиканың ауқымындай табыс табу­ға мүмкіндік беруде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика