• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бойынша пікір

Автор:admin

Сен 1, 2023
Spread the love

Әр жыл сайын ҚР Президент жолдауды өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын салмақты тұжырымдармен ерекшеленеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мемлекетіміздің даму жолындағы бағыт берер басты құжаты. 2023 жылдың 1 қыркүйектегі Президент Жолдауының негізгі мәні Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға мемлекетіміздің дамуына арналып отыр. Осыған орай бұл Жолдау бүкіл халықтың ойынан шығып, қазір мемлекетіміздің барлық аумақтарында басқару, оқу-өндірістік салаларында, мемлекеттік емес ұйымдарда кеңінен талқыланып, кең қолдау тауып отыр.

Қазақстан индустриялы жаңа технологияларды енгізудің көшбасына шығуы өте дұрыс. Бізге бұл салада барлық мүмкіндіктер бар. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор, агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасау керектігі өте орынды айтылған.

Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналуы. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет деп алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізу қажеттігі айтылды. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керектігі, ол үшін салық саясатын қайта қарау дұрыс бағыт.

Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту, машина-трактор паркінің әбден ескіріп, тозуы – күрделі мәселеге айналған, сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыруға мүмкіндік туса, бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың да мүддесін ескерген болар еді.

Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажеттігі, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керектігі, сондай-ақ шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату, білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдеу бағытта жүзеге асырған жөн.

Транспорт, логикалық инфрақұрылымдарды дамыту ел байлығының қайнар көзі болмақ, құрылыс пен тұрғын үйді дамыту, қаржы секторын қайта құрап озық үлгімен алмастыру, адам капиталының жаңа сапасын, мемлекеттік басқарудың тиімділігін, әділеттілігін жетілдіру, Заң үстемдігін жоғары деңгейге көтеру, жемқорлық тағы басқа зиянды құбылыстармен аяусыз күрес жүргізу, жаңа технологияларды енгізу арқылы қала құрылысының проблемаларын оңтайлы шешу мәселелеріне айрықша мән берілген. Бұл айтылған, ұсынылған Президент жолдауы халыққа, қоғамға, мемлекет дамуы, өркендеуі үшін аса қажетті дүние.

 

Егемкулов Нұрлыбай Аликулович

Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университтетінің аға оқытушысы

 

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика