• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ӨЗ ҚАУІПСІЗДІКТЕРІН САҚТАУ МАҚСАТЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРІЛДІ (-3-)

Автор:admin

Май 16, 2024
Spread the love

Шарада жастар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу», білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, түнгі рейдтер туралы, ішкі тәртіпке бой ұсыну, темекі, ішімдік заттарынан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты жаман әдеттердің алдын-алу тақырыбында әңгіме өрбіді. Әсіресе, бопсалау сынды теріс әрекеттерге барудың аяғы жақсылыққа апармайтындығы баса айтылды. Жамандыққа бармаудың жолы бос уақытты тиімді пайдалану екенін түсіндірді.
Сонымен қатар, «Құқық бұзушылыққа, қылмысқа және кәмелетке толмағанға қарсы жасалған қылмысқа жол бермеу, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлықтың, зорлық-зомбылықтың алдын-алу» тақырыбында еркін формата түсіндіру жұмысын жүргізді.
Шараның басты мақсаты − жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау болып табылады.
Кездесу барысында оқушыларға тақырыптарға сай бейнероликтер көрсетіліп, дәріс оқылды. Жасөспірімдермен кері байланыс жасалды.
Өз кезегінде полицейлер ата-аналарға, кәмелетке толмаған балаларына қадағалау жұмыстарын қатаңдатып, жазғы мезгілде бақылауға алуды ескертеді.
Кездесу соңында аталған мәселелер бойынша оқушылар сала мамандарына қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты жауаптар алды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика