• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Мар 30, 2023
Spread the love

Шымкент қалалық «Достық» үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиын барысында қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің төрайымы, «ЕураАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Л.Ақшегірова медиация құрамын қайта қарап, өзгертілген бірлестік мүшелерін бекітті.

Өз сөзінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы 2010 жылдан бастап медиация институтын даулар мен жанжалдарды шешудің қоғамдық-құқықтық құралы ретінде дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп келе жатқанын атап өтті. Медиация институтының қызметі азаматтардың даулы және жанжалды жағдайларды шешу барысында ымыраға келуге дайындығын көрсететін, қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды маркерлерінің бірі болып табылады.

Сондай-ақ, медиация кеңесінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша алдағы II-тоқсанда атқарылатын жұмыстары талқыланып, өзара ой-пікірлер айтылды.

Л.Ақшегірова даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтарға кеңес беру бойынша медиаторлармен үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Келіссөз жүргізуші-этномедиаторларды даярлау жүйесін қалыптастыру тәсілдері, тиісті оқу бағдарламасын әзірлеу ерекшеліктері, этномедиаторларға қойылатын талаптар, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы шеңберінде қоғамдық медиация институтын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Қойылған міндеттерді жоспарлы және дәйекті іске асыруға мүмкіндік беретін жұмыс пікіралмасулар өткізіліп, олардың қорытындылары талқыланды.

Кәсіби емес медиаторларды оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Медиатор мен қызығушылық танытқан этномәдени бірлестіктер өкілдері түрлі курстар мен семинарларда тегін оқытылды. Даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтарға кеңес беру бойынша медиаторлар үлкен жұмыс жүргізуде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика