• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МЕДИАТОРЛАР ЭТНОС ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор:admin

Апр 11, 2023
Spread the love

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің төрайымы Л.Ақшегірова мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің медиаторы Ж.Маратова «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық өкілдігінің мүшелерімен кездесті.
Өз сөзінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы 2010 жылдан бастап медиация институтын даулар мен жанжалдарды шешудің қоғамдық-құқықтық құралы ретінде дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп келе жатқанын атап өтті. Медиация институтының қызметі азаматтардың даулы және жанжалды жағдайларды шешу барысында ымыраға келуге дайындығын көрсететін, қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды маркерлерінің бірі болып табылады.
Сондай-ақ, медиация кеңесінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша алдағы II-тоқсанда атқарылатын жұмыстары талқыланып, өзара ой-пікірлер айтылды.
Л.Ақшегірова даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтарға кеңес беру бойынша медиаторлармен үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Келіссөз жүргізуші-этномедиаторларды даярлау жүйесін қалыптастыру тәсілдері, тиісті оқу бағдарламасын әзірлеу ерекшеліктері, этномедиаторларға қойылатын талаптар, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы шеңберінде қоғамдық медиация институтын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Кәсіби емес медиаторларды оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Медиатор мен қызығушылық танытқан этномәдени бірлестіктер өкілдері түрлі курстар мен семинарларда тегін оқытылды. Даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтарға кеңес беру бойынша медиаторлар үлкен жұмыс жүргізуде.
Кездесуде жастар арасындағы тәрбие, этностар арасында татулық пен бірлікті нығайту, ксенофобияға, «араздық тіліне», тілдік және этникалық негіздегі кемсітушілікке жол бермеу, этномедиацияның қоғамдағы орны, т.б. мәселелер жан-жақты сөз болды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика