• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

МАҚТААРАЛДА ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Автор:admin

Июл 21, 2023
Spread the love

Аудан әкімдігі, аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі және аудандық пробация қызметі бөлімінің ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған азаматтардың қайта құқық бұзушылық пен қылмыстарының алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу жиыны өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, аудан прокуроры Айтболат Досаев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Есімжан Надиров, аудандық пробация бөлімінің бастығы Нартай Сабаев және аталған салаға жауапты мамандар, пробация есебінде тұрған азаматтар қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, аудандық пробация бөлімінің бастығы, әділет майоры Н.Сабаев пробация есебінде тұрған азаматтардың қайта құқық бұзушылық пен қылмыстарының алдын алу мақсатында жасалып жатқан жұмыстары жөнінде баяндама жасады.
Жалпы 2023 жылдың 6 айлық есебі бойынша ауданымызда 145 азамат пробацияның есебіне тіркеліп, 41 адам есептен шығарылған.
Қайта қылмыстың алдын алу мақсатында аудандық прокуратура және де полиция бөлімі қызметкерлерімен бірге қайта қылмысқа бейім сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларына тұрақты тексеру жұмыстары жүргізіліп, олармен профилактикалық сұхбаттар жүргізілген. Сонымен қатар, 2 рет сотталғандармен қайта қылмыс жасамау және де мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік құқықтық көмектердің тәртібі туралы бірнеше рет жиындар өтіп, спорттың кіші футбол, гір тасын көтеру, садақ ату, арқан тарту түрлерінен жарыстар өткізілген.
«Есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсетудің сапасын арттыру мақсатында 2 рет консултативтік кеңесші органның отырысы өтті. Есептегі азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту мақсатында аудан көлемінде бос орындар жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. Пробацияциялық есептегі адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау үшін полиция қызметкерлерімен біргелікте 5 рет профилактикалық іс-шара өткізілген. Нәтижесімен жаза өтеу тәртібімен ережелерін бұзған 12 сотталғанға ескерту шарасы қолданылып, 3 сотталғанға қатысты аудандық сотқа ұсыныс берілген. Нәтижесінде 1 азамат бас бостандығынан айыру орнына жолданды. Тағы 1 азаматқа сот тарыпнан мүмкіндік берілсе, 1 азаматтың ісі сот қарауында жатыр» — деді, Н.Сабаев.
Кездесу жиынында есепте тұрған азаматтардың жұмыспен қамтылу шаралары туралы да айтылды. 6 айдың қорытындысы бойынша жалпы 13 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар, 6 сотталған азаматтың жанұясына бір реттік азық-түлік берілген.
Айта кетейік, жиында құқық қорғау органдарының басшыларына пробация есебінде тұрған азаматтар тарапынан сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауаптар берілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика