Пробациялық бақылау, әкімшілік қадағалау мерзімі өтіп, пробация қызметінің есебінен шығарғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар көрсететін әлеуметтік-құқықтық көмек жалғасады.
Пробация қызметі сот қаулысын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін жергілікті атқарушы органға және ұйымға іздестіру жарияланған, «қамаққа алу» бұлтартпау шарасы тағайындалған адамдарға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмекті тоқтата тұру үшін хабарландыру жолдайды.
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
Филиал директоры бекітілген жоспарды орындау мақсатында пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған бос жұмыс орындары және жұмыспен қамту шараларының басқада түрлерімен таныстыру бойынша арнайы жәрмеңке өткізілгенін де атап өтті.