Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу,оның алдын алу — біздің қолымызда, себебі біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын жігерлі, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты ұрпағымыз. Кішкентай ғана аз ғұмырымызда тұңғиық түбіне батпай, ата-бабаларымыз бізге аманат еткен тәуелсіз еліміздің көк туын төмен түсірмей, біріге көкке көтерейік.
Айта кетейік, есірткі мен нашақорлыққа қарсы алдын-алу жұмыстарын атқару, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу, еліміздің болашағы — жастарды нашақорлық індетінен аластату барлық мүдделі органдардың міндеті.
Қазіргі заманғы есірткі заттар салыстырмалы түрде арзан, оларды Интернет арқылы оңай сатып алуға болады.
Синтетикалық препараттар — бұл жаңа психоактивті заттар. Бүгінгі таңда ең көп таралған жаңа психоактивті заттар «Скорость», «Мефедрон».
«Скорость» деген есірткінің ең қорқынышты салдары – бұл зат психозды тудырып психикаға қатты әсер етеді. Бұл бұзылыстың белгілері әдеттегі шизофренияға қатты ұқсайды және көбінесе ұзақ уақыт қолданғаннан кейін дамиды.
Мефедрон — заңмен шектелмеген шегуге арналған тұз ретінде пайда болған синтетикалық препарат, бірақ кейін бұл затты қолдануға тыйым салынды.
Мефедронды нашақорлар өз ортасында «Меф» деген жаргон сөзімен атайды. «Мефті» 2-3 ай бойы тұрақты қолданғанда денеге қайтымсыз зақым келеді. Нашақор денсаулығы күрт нашарлайды (ішкі органдар ауруыдамиды), бірақ сонымен бірге жеке тұлғаның деградациясына әкелетін психикалық жағдайына да зақым келеді…
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕ АРНАЙЫ ЖИЫН ӨТТІ (-4-)
