Мемлекеттік деңгейде этносаралық процестерді басқарудың бірыңғай жүйесі – мемлекет басшысының «Ел бірлігі – біздің ең құнды игілігіміз» деген ұстанымын лайықты жалғастыратын болады. Осыған сәйкес 2008 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының «қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан этностарының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету» туралы заңын Ассамблея жерде бірнеше бағытта жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда:
– ел азаматтарын, әсіресе өскелең ұрпақты мемлекеттік тілді меңгеруге ынталандыру;
– ағартушылық жұмыс, ғылыми жобалар арқылы қазақ мәдениетінің құндылықтарын, тарихы мен дәстүрлерін насихаттау;
– жанжалдардың алдын алу құралы ретінде медиация институтын нығайту;
– азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігінің құралы ретінде қайырымдылықты, меценаттықты дамыту;
– Қазақстан этностарының тілдерін, салт-дәстүрлерін сақтауға қолдау көрсету;
– мәдениетаралық диалог, тарихи мұраны сақтау мәселелерін зерделеуге бағытталған жобаларды қолдау;
– волонтерлер қозғалысын дамыту;
– Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмыс тәжірибесін ескере отырып, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару институттарын дамытуға жәрдемдесу;
– ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының жұмыс тәжірибесіне сүйеніп, әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету;
– қазақстандық этностардың тарихи шығу елдерімен байланысын қолдау, халықтық дипломатия мен гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту.
Айта кетейік, жиында мемлекеттік шекара мәселесі мен Қазақстан Республикасының Президентті Қ.Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын аудан тұрғындарына жаппай насихаттау мәселелері де қаралды.