Күн тәртібіне сәйкес, аудандық полиция бөлімі бастығының м.а. Қ.Сатыбалдиев аудандағы ұлтаралық шиеленістердің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады. Келеңсіз жағдайларды болдырмау және алдын-алу мақсатында әрбір елді мекенде депуттаттар, учаскелік полициялар, ауыл әкімдері, ауыл ақсақалдары, ауыл билері және белсенді жастар бірігіп ауыл тұрғындарына, жастарға түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу керектігін айтты. Сонымен қатар, әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру — ҚР Қылмыстық Кодексі бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Мұнан соң ұлтаралық татулықты нығайту жөнінде ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Бабашев сөзге шығып, 2021 жылы Мақтаарал ауданы бойынша ұлтаралық татулықты сақтау мақсатында өзара ынтымақтастық туралы бірлескен Меморандум түзілгенін атап өтті.
«Аталған меморандумда, аудандағы ұлтаралық татулықты нығайту мақсатында, сондай-ақ, келіспеушіліктердің алдын алу бағытындағы тараптардың ынтымақтастық меморандумы болып табылады. Бүгінде меморандумға аудан әкімдігінің және аудан прокуратурасымен біргелікте қарап, өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы Меморандумның негізгі мақсаты аудан бойынша ұлтаралық түсінбеушіліктің, кикілжіңнің, қақтығыстың алдын-алу, этникалық мәселелерді теріс саяси мақсатта пайдалануға жол бермеуге бағытталған ортақ жұмыс жүргізу болып табылады» — деді, М.Бабашев…