Аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен мал ұрлығының алдын алу бағытында құзырлы органдармен атқарылған жұмыстар бойынша жиын өткізілді.
Жиынға аудан прокуроры Абзал Қыдырбай, полиция бөлімі бастығы Ғалымжан Қуашбаев, ауыл округ әкімдері, мал базар иелері, учаскелік полицейлер мен ветеринария саласының мамандары қатысты.
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрінің «Мүлікті қорғау жөніндегі 2024-2026 жылдарға» арналған жоспарына сәйкес, мал ұрлығы қылмыстарының алдын – алу және оған қарсы іс-қимылдың жай күйі туралы тиісті бөлім мен мекеме басшылары баяндама жасады. Мал ұрлығының алдын алу және болдырмау мақсатында жаңа әдістер мен жобалар қабылдап, сол бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу керектігі айтылды.
Сондай-ақ, үй жануарларын сырғалау, тасымалдауға қатысты мәселелер қозғалып, шешім жолдары талқыланды, деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.