Жергілікті тұрғын яғни көпбалалы ана Жетісай ауданы полиция бөлімінің анықтаушысы Ержан Әбеновке қылмысты анықтау барысында көрсеткен белсенділігі үшін алғысын білдірді.
«Мен жақында алаяқтың құрбаны болдым. Көпбалалы аналарға көмек ретінде беріліп жатқан үйді алып беремін деп сеніміме кіріп, алаяқтық жолмен қомақты қаражатымды алдап алып кетті. Кейін өзімнің алданып қалғанымды біліп, дереу полицияға арыздандым.
Арызымды қараған анықтаушы Е.Әбенов қылмыскерді дер кезінде анықтап, істі сотқа жолдап, заң аясында қаражатымды қайтаруға үлкен көмегін көрсетті. Осындай іскер, өз жұмысына жауапкершілікпен қараған полиция қызметкеріне алғысымды білдіремін»-деді.