• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 9, 2023
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында көп балалы аналардың қатысуымен кездесу өтті. Жиында партия белсенділері «Бақытты отбасы» жобасы жайлы мағлұматтар берді, яғни жоба мақсаты- отбасы мен балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық шаралар, отбасы мен балаларды құқықтық қорғауды қамтамасыз ету және отбасы институтын нығайту болып табылады. Кездесу соңында пікір алмасулар, талқылаулар болды.
«Бақытты отбасы» – табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несие беру бағдарламасы.
2019 жылдан бері 7,7 мың адамға «Бақытты отбасымен» тұрғын үй несиесі берілген. ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасына 2023 жылы 20 млрд теңге бөлінетінін айтты.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы кімдерге арналады және қалай баспаналы болуға болады.
Несиені кімдерге береді?
Егер сіз әкімдікте баспанаға мұқтаж тұлға ретінде кезекте тұрсаңыз және келесі мәртебеге ие болсаңыз:
— көп балалы отбасы;
— жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
— I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар;
— мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасы.
Бағдарлама шарттары қандай?
— Заем мөлшерлемесі жылдық 2% (ЖТСМ 2,1%-дан бастап);
— Ең төменгі бастапқы жарна заем сомасының 10%-ы;
— Заем мерзімі 20 жылға дейін.
Ескеретін жайт, тұрғын үйді сіз әкімдікте кезекте тұрған аймақтан ғана сатып алуға болады. Сіз негізгі кіріс көзі болған жағдайда несие ала аласыз. Негізгі кіріске еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс жатады. Егер сіздің негізгі кірісіңіз жеткіліксіз болса, онда сіз қосымша табысты қосып есептей аласыз.
Негізгі кіріске не жатады?
— айлық жалақы;
— жеке кәсіпкерліктен түсетін кіріс (нотариус, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және т.б.);
— өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша түсетін табыс;
— тұрғын үй төлемдері;
— шәкіртақы (негізгі кіріс болған жағдайда).

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика