• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАРЫСЫНДА ТУЫНДАЙТЫН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ (-2-)

Автор:admin

Апр 17, 2024
Spread the love

Сондай-ақ, Отырар ауданының су пайдаланушыларының биылғы жылға Отырар өндірістік бөлімшесі қызмет ету аумағындағы каналдар бойынша жоспарлап отырған жалпы егістік жер көлемі – 26565,5 га болып отыр. Осы шаруашылықтарға су жеткізіп реттеп беру үшін Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы мекемесінен Арыс өзені бойынша – 193300,0 мың текше метр су көлеміне, Сырдария өзені бойынша – 70000,0 мың текше метр су көлеміне су пайдалану шектеуіне сұраныс берілген.
Бүгінгі таңда «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы тарапынан Д.Алтынбеков каналының 9 шақырым бөлігіне, «Көкмардан» 13,7 шақырым, «Кенжеалиев» каналының 1 шақырым бөлігіне механикалық тазалау жұмыстары жүргізілңген. Сонымен қатар Көксарай ауыл округінен «Көларық» каналының 6 шақырым, «Сулы» каналының 3 шақырым, Балтакөл ауыл округінен «Сумағар» каналының 6 шақырым, «Бақтыбай» 2 шақырым «Қонай» каналының 3 шақырым, «Жайықбек» 2 шақырым, «Қонай» канылының 4 шақырым бөлігін механикалық тазалаудан өткізу жоспарлануда. «Қызылту» насос станциясына «Қазсушар» РМК тарапынын 2 дана, «Көксарай» су реттегіші мекемесі тарапынан 2 дана су жаңа СНП-500 су тартқыш моторы алынып, 4 моторды күрделі жөндеуден өткізу жоспаланып отыр.
Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, шаруалардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Сәкен Сұлтанханов ағын су тапшылығының алдын алу үшін су сорғыш насостарды жаңарту, каналдарды тазалау жұмыстарын күшейту, электр жарығы берешектерін өндіру жұмыстары мен жер жырту жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру керектігін айтып, ауыл округтері әкімдері мен жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ, шаруаларға ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатсыз пайдалануға болмайтынын айтып, заңсыздыққа жол берген азаматтарға заң аясында тиісті шаралар қолданылатынын ескертті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика