• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Кәсіподақтың қоғамдық маңызы

Автор:admin

Июл 14, 2023
Spread the love

Қай қоғамда болмасын, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында жалақы төлемеу, жұмысшы құқығын шектеу сияқты түйткілдердің туындап отыратыны жасырын емес. Кейде еңбек даулары сот арқылы шешіледі. Осындай жағдайды ушықтырмай, мәселені оңтайлы шешуде үлкен рөл атқаратын қоғамдық маңызы зор бірден-бір институт – кәсіподақ ұйымы.
Бүгінгі таңда кәсіподақтар ұйымы үкіметтік және бизнес өкілдерімен бірлесе, заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыру жолында жұмыс жасауда. Қоғамдық жүйенің бөлігі ретінде үдемелі түрде өзгеріп жатқан құбылыстарға үн қосып, қарапайым еңбекші халықтың игілігіне қызмет ету аталған ұйым мүшелеріне үлкен жауапкершілік жүктейді.
Елімізде жұмыс істеп жатқан кәсіподақтар қоғамдастығы еңбек дауын шешуге, еңбекшілердің құқықтарын қорғауға, еңбек шарттары мен қауіпсіздігін жақсартуға ықпал етіп, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы басты медиатор болып отыр деуге толық негіз бар.
Тұрақтылық – кез келген қоғамның басты құндылығы. Егер қызметкер кәсіпорынның тұрақты дамуын, өзінің әлеуметтік тұрғыда және заң жүзінде қорғалғанын сезінсе, демек оның отбасында да барлығы жақсы болады. Бұл бір-бірімен тығыз байланысты үдеріс.
Қазіргі күні қоғамда өзгеден озық, бітім-болмыс жағынан ешкімге ұқсай бермейтін, рухани және материалдық жағынан салмақты орны бар ұйым-кәсіподақ халық арасында зор сенімге, айтулы беделге ие ұйым.
Бұл қоғамдық ұйым жергілікті жердегі сан қырлы қызметті ұйымдастырушы қарапайым қызметкерлер мен жұмыскерлердің жанашыры.
Еңбек адамдарының арасында болып, олардың мұң-мұқтаждарын жедел шешуге атсалысатын бірден-бір орын.
Осы орайда Шымкент қаласы бойынша білім беру және спорт қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдарының нәтижелі еңбек етіп жатқанын атап өтуге болады.
Үш мыңға кәсіподақ мүшесіне түрлі деңгейдегі марапаттар беріліп, өзге де марапаттар алынуы ықпал етілді. Жасыратыны жоқ, кейбір кәсіподақ мүшелерінің жұмыс барысында жіберген кемшіліктеріне алған тәртіптік шараларына дейін мерзімінен бұрын алынуына ықпалды жұмыстар жүрді. Бұл жұмыстардың соңында кәсіподақ мүшелері өздерін кәсіподақ ұйымының қамқорлығында екенін сездіру мақсаты тұр.
Кәсіподақ мүшелері қздеріне деген қамқорлықтарын үнемі сезініп отырады (мысалы, марапаттаулар, салтанатты жиындарға қатысуы, санаторийлерге, демалыс үйлеріне жеңілдікпен жолдамалар, т.с.с.) деген сияқты…
Алдағы уақытта да аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика