• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Кәсіподақ өз мүшелерінің әлеуметтік қолдау жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді

Автор:admin

Июн 30, 2023
Spread the love

«Шымкент қаласы білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі өз мүшелерінің құқығын қорғау, оларды құқықтық қамтамасыз етумен қатар, түрлі әлеуметтік қолдау жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді.
Кәсіподаққа қарасты мекемелердің мүшелері өмірлік жағдайларды егжей-тегжейлі қарастыра отырып, өздерінің бітімгершілікке келу қабілеттерін жақсарту қажеттілігін түсіндіру күн тәртібінен алынған емес және кең көлемде насихатталуда. Осылайша, Кәсіподақ құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарын барлығы дерлік 100 пайыз келісім комиссиялары құруды қамтамасыз етіп отыр.
Еңбек дауы туындап жатса, арнайы құжаттамаға сүйене отырып, келісім комиссиясының мүшелерін дұрыс шешім қабылдауға үйрету біздің басты міндеттеріміздің бірі болып қала бермек.
Еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес әріптестік туралы салалық келісімдер түзілетіндігі айтылған. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Конституциясының, Еңбек кодексінің нормаларына, Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы», «Білім туралы», Заңдарына, «Педагог мәртебесі туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларындағы міндеттерге, Бас әлеуметтік әріптестік қағидаларын басшылыққа ала отырып 2022 жылғы 14 қаңтар күнгі Шымкент қаласының білім басқармасы мен Кәсіподақ Кеңесінің №03 Қаулысына сәйкес «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Шымкент қаласы білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі арасындағы 2022-2024 жылдарға арналған әлеуметтік келісім түзіліп, «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің арнайы реестрінде тіркелген.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика