Кәсіподақ қызметі
Бүгінгі таңда кәсіподақтар қызметкерлер өмірінде үлкен рөл атқарады. Кәсіподақтар қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғаудың кепілі болды және болып табыла бермек. Әр түрлі салалардағы кәсіподақтар еңбек және әлеуметтік қатынастармен байланысты, қызметкерлердің мүдделерін қалыптастырады және тұжырымдайды.
Кәсіподақ — бұл бір іспен айналысатын және ортақ міндеттері мен мақсаттары біріккен кәсіпқойлар одағы. Кәсіптік одақ бұл қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін жарғылық тапсырмаларға сүйене отырып ұсынатын және қорғайтын қоғамдық бірлестік.
Кәсіподақ ұйымы десе көп жұмыскерлер демалысқа жолдама беретін мекеме ретінде қарайды. Алайда, бұл ұйымның негізгі міндеттері мұнымен шектелмейді. Олар:
-Кәсіподақ ұйымына мүше жұмыскерлердің құқығын заң аясында қорғау;
-Жұмыстан бөлек, әлеуметтік жағдайын жақсарту және бақылау;
-Еңбек дауларының алдын алу;
-Жұмыскерлердің уақытылы жалақы алуын қадағалау;
-Денсаулықтарын жақсарту;
-Жұмыс орнында денсаулыққа кері әсерін тигізетін жағдайлар үшін қосымша қаржының төленуін қадағалау;
-Жұмыскерлердің жұмыс уақытында дене жарақаттарын алуын болдырмау, т.б. осы секілді міндеттері бар.
Кәсіподақ қызметі – үлкен күш, әлеуметтік маңызы бар ұйым. Бірақ біз оның құқығы мен міндеттерін және мақсатын түсіне білеміз бе? Расында кәсіподақ шипажайға жолдама беретін ғана ұйым емес. Біздің ұжымда кәсіподақ ұйымы ұйымшыл, біріктіруші және қолайлы психологиялық атмосфераны қамтамасыз ететін орган болып табылады.
Қызметкерлердің демалыстарын тиімді әрі қызықты өткізуін үнемі басты назарда ұстады.Ұжымда атап өтілетін әрбір мереке, атаулы күндер төрайым назарынан бір сәтте тыс қалған емес. Әрдайым позитивті, қызықты мерекелік көңіл күй сыйлау, жағымды ахуал қалыптастырып, қызметкерлердің көңілінен шығу, оларды жұмылған жұдырықтай бірлікте ұстау– оның басты ерекшелігі іспеттес.