• Ср. Апр 30th, 2025
Популярные метки

КӘСІПОДАҚ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

Автор:admin

Июн 8, 2023
Spread the love

2023 жылдың 17 сәуірінде Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды.
Мекемеге жұмысқа қабылданған 150 адам толығымен 100 пайыз кәсіподақ мүшелігіне кіріп, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамында болуды ұйғарған.
Мекеменің жалпы жиналысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып, Таженов Есбол Нұрланұлы және тексеру комиссиясының төрағасы болып, Махамбетова Мадина сайланған.
Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде мемлекеттік мекеменің жұмыс берушісі мен кәсіподақ комитетінің арасындағы 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік — еңбек қатынастары бойынша ұжымдық шартқа қол қойылып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан №82 санды номерімен тіркеуден өткен.
Сондай-ақ, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың, коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс берушісі — мекеменің басшысы Аян Кайратович Тогызбаевтың және қызметкерлер атынан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Есбол Нұрланұлы Таженовтің арасында өзара қарым — қатынастар жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған келісім-шартқа қол қойылып, тараптар бір-біріне нәтижелі жұмыстар атқаруға сенім білдірді.
Төрағаның айтуынша, кәсіподаққа мүше болған жұмысшы бірнеше құқыққа ие болады. Нақты айтқанда ұжымдық келісім-шартта көрсетілген барлық әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен жеңілдіктерге қол жеткізіп, жұмысқа кіру, жұмыс барысында қызмет ауыстыру мен жұмысқа шығу мәселелері бойынша, сондай-ақ, жұмыс және демалыс уақыты, еңбек қауіпсіздігі, кепілдіктер мен өтемақы мәселесі бойынша кәсіподақтан тегін заңгерлік көмек ала алады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика