• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Автор:admin

Авг 31, 2023
Spread the love

«Шымкент қаласы білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Шымкент қаласы №118 «Әсел » бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Кзылгул Сейдакбаровна Кулбаеваның білім саласына сіңірген еңбегі зор.
1995 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірді. Еңбек жолын 1988 жылы №61 «Золушка» балабақшасында тәрбиеші көмекшісі болып бастап, 1990 жылы тәрбиеші, 1992 жылы №50 мектепте мұғалім, 1994 жылы №61 «Золушка» балабақшасында тәрбиеші, 1995 жылы осы мекемеге меңгеруші, 2001 жылы №74 Бастауыш мектеп – балабақшасына директор болып қызмет атқарған. 2013 жылдан №74 «Айдана» бөбекжай-бақшасы ұжымына меңгеруші ,04.03. 2022 жылдан бастап №118 «Әсел» бөбекжай бақшасында меңгеруші қызметін атқарып келеді.
Кзылгул Сейдакбарқызы өз мамандығы бойынша кәсiптiк шеберлiктi жақсы меңгерген. Ол басшылық жұмыста ұйымдастырушылық қабілетімен, талап қоя білуімен және оның орындалуын қадағалауымен ерекшеленеді. Білікті басшы ретінде педагогикалық кадрмен жұмыс барысында ұстаздардың жеке тұлғалық қабілеттерін есепке ала отырып, жұмысқа қабылдауда және жұмыс беруде нақты бағытталған жұмыстарды атқарып, жас мамандарға, сондай-ақ өз кәсіби деңгейін арттырамын деген педагогтарға жан-жақты қолдау көрсетеді.
Кзылгул Сейдакбарқызы мектеп жасына дейінгі білім беру мекемесі қызметінің бағытын, білім жүйесінде заман талабына сай жаңа әдістемелік кәсіптік бағыт-бағдарды жетік меңгерген маман.
Еңбек және шығармашылық жолында Қазақста Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен», ОҚО білім басқармасының «Алғыс хатымен», Шымкент қаласының білім басқармасының «Дипломымен», Қалалық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен», Шымкент қаласының әкімінің «Алғыс хатымен», Шымкент қалалық маслихатының «Алғыс хатымен», ОҚО білім саласы қызметкерлерінің «Қамқорлық ассоциациасының «Алғыс хатымен», Абай,Туран ауданы әкімшілігінің «Алғыс хатымен», Қазақстан Республикасы ОҚО балалардың құқығын қорғау «Қазына» қоғамдық бірлестігінің «Қазына» төсбелгісімен марапатталуы – өз ісінің білгір маманы екенінің дәлелі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика