• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Автор:admin

Мар 15, 2023
Spread the love

Шымшаһарда Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің қызметкерлерін салалық кәсіподақ төрайымы Лариса Тургинбаева көпжылдық еңбегі үшін кәсіподақ мүшелерін марапаттады.
Университет қабырғасында жүріп, көпжылғы қызметі үшін Лариса Владимировна бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне, оның ішінде техникалық қызметкерлеріне П. Кедровқа және Г. Каражаеваға шипажайға жолдама табыстап, Информатика кафедрасының аға оқытушысы Э. Адылбековны Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының «Сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен және Ағылшын тілі кафедрасының аға оқытушысы Т. Ибрагимованы Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының “Құрмет грамотасымен” марапаттады.
Мемлекет пен бизнес жұмыскерді азамат және адал еңбекші ретінде құрметтеуге міндетті. Еңбек адамы ғана – қоғам әл-ауқатының бірден-бір көзі!
Біз еңбеккердің табысы өсіп, оны пайдалану дәрежесі төмендейтін, шәкіртақы, зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы кедейліктен қорғайтын қоғам құруға шақырамыз.
Бұған шынымен қол жеткізуге болады. Ол үшін жеке кәсіпорын үшін де, ұлттық байлықты мемлекеттік қайта бөлу арқылы да табыстың әділ бөлінуін қамтамасыз ететін тікелей әрекет ету заңдары қабылдануы тиіс.
Кәсіподақтарға еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделері тұрғысынан еңбек заңнамасы нормаларының сақталуына нақты және кедергісіз қоғамдық бақылау құқығы берілуі керек.
Еңбек қатынастарының кез келген нысаны тараптардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ете отырып, заңды түрде жасалуы тиіс.
Еңбек қатынастары жүйесіндегі дағдарыстың негізгі себебі – лайықты еңбектің жетіспеушілігі. Ал бұл – еңбеккерлердің құқығы қорғалатын, тиісті табыс әкелетін, әлеуметтік қорғанышты қамтамасыз ететін еңбек. Лайықты еңбек – тек мақсат емес, тұрақты даму факторы.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика