• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КӘСІПОДАҚ АКТИВТЕРІМЕН ОНЛАЙН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Автор:admin

Апр 3, 2023
Spread the love

Бүгін, ҚР Кәсіподақтар федерациясының Оқу орталығы Шымкент қаласының кәсіподақ кадрлары мен мүшелік ұйымдарының активтері үшін білім беру марафоны шеңберінде онлайн оқыту өткізді.
Оқыту семинары «Еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесінің күшті және әлсіз жақтарын талдау» және «Өндірістік жазатайым оқиғаларды есепке алу және тергеу» тақырыбында өтті.
Семинарды Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев ашып, алғы сөзді ҚР КФ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбек дауларының алдын алу және шешу мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісі Марат Имашқа берді.
Марат Мерекеұлы өз баяндамасында өндірістік процестер мен техникалық құрылғыларға қойылатын қауіпсіздік талаптарына және еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесінің күшті және әлсіз жақтарына талдау жасай отырып, қазіргі мемлекеттік инспекторлардың қызметі мен еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесіне кеңінен тоқталып қатысушыларға қажетті толық ақпараттар беріп өтті.
Кәсіподақтарға еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделері тұрғысынан еңбек заңнамасы нормаларының сақталуына нақты және кедергісіз қоғамдық бақылау құқығы берілуі керек.
Мемлекет пен бизнес жұмыскерді азамат және адал еңбекші ретінде құрметтеуге міндетті. Еңбек адамы ғана – қоғам әл-ауқатының бірден-бір көзі!
Сондай-ақ, семинар барысында ҚР КФ Әлеуметтік-экономикалық талдау және әлеуметтік әріптестік бөлімінің меңгерушісі Хансеит Бөленнің қатысушыларға «Өндірістік жазатайым оқиғаларды есепке алу және тергеу» тақырыбында баяндамасы тыңдалып, қатысушылар назарына еліміздегі соңғы 5 жылдағы өндірістік жарақаттану динамикасы таныстырылды.
Семинар соңында ҚР КФ Ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары Ләззат Есжанова кәсіподақ мүшелерін кәсіби біліктілігін, құқықтық сауаттылығын арттыруға шақырып, семинарға қатысушыларға өз ризашылығын білдірді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика