• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАСТЫ НАЗАРДА

Автор:admin

Авг 1, 2023
Spread the love

​​Келес аудандық прокуратурасының ұйымдастырумен​ аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында кәсіпкерлердің құқығын қорғау, проблемалық мәселелерді айқындау және оның алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
​Дөңгелек үстелге жергілікті атқарушы органдар басшылары, «Атамекен» ҰКП-ның аудандағы өкілі мен кәсіпкерлер қатысты. Аудан прокуроры Н.Ешенқұлов кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулар, субсидия, жеңілдетілген несие алу, т.б. мәселелер бойынша пікір алмасып, бизнесті қорғау, бизнесті қолдау және кәсіпкерлерді заңсыз тексерулердің алдын алу прокуратураның басты назарында екенін жеткізді.
​Атап айтқанда, аудан прокуратурасы жанында мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы және тексеру жүргізу тәртібін бұзу сонымен қатар кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша мобильдік топтың құрылғаны, тәулік бойы хабарламалардың қабылданатындығы түсіндіріліп, жадынамалар таратылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика