Бүгін «Конституция күні» мерекесіне орай Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында салтанатты шара өтті. Жиынға Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов арнайы қатысып, барша полицейлерді еліміз үшін маңызды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Одан соң, облыстың бас полицейі М.Қабденов өздеріне жүктелген міндетті абыройлы атқарып жүрген үздік тәртіп сақшыларын марапаттады.
«Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция подполковнигі Д.Сартаев, «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен полиция капитаны Қ.Алекешов, полиция капитаны Б.Махатов, полиция аға сержанты Н.Асанов, ҚР ІІМ-нің Грамотасымен полиция майоры Ғ.Көшкінбаев, полиция майоры Н.Қамбаров, ҚР ІІМ-нің Алғыс хатымен полиция подполковнигі Ә.Бүркітбаев, полиция капитаны М.Тастемір марапатталды.
Сонымен қатар қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін департаменттің Грамотасымен: полиция аға лейтенанты М.Темірхан, қатардағы полицей Д.Аманов және Ұлттық Ұлан №6506 әскери бөлімі қызметкерлерінен: майор С.Жолаев, капитан Б.Нәлібай, кіші сержант Д.Маратов, Алғыс хатпен полиция капитаны А.Алғабай марапатталды.
Өз кезегінде департамент қызметкерлерінің ішінен жүздеген қызметкер генерал-майор Мұрат Талапұлының Алғыс хатымен марапатталды. Шара соңы елімізге танымал өнер жұлдыздарының ән шашуымен ұласты. Полицей әнші-өнерлі қызметкерлермен қатар сахнада Нұржан Төлендиев, Бақытжан Мұстафаев және «Семсер» тобының жігіттері әсем ән шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов халық пен елге қызмет етуді өзіне азаматтық борыш санаған тәртіп сақшыларын марапаттарымен құттықтай отырып, еңбектеріне табыс, қызметте абырой тіледі!