Түлкібас аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен Т.Рысқұлов ауылында орналасқан аудандық мәдениет үйінде мерекелік іс-шара өткізілді.
Шараға аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы Ізтілеуов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Бекарыс Султанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сауранбек Таңатбаев, ІІО ардагерлері және жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Аудан әкімінің алғы сөзінен соң полиция бастығы Б.Талғатұлы шараға қатысушыларды Конституция күнімен құттықтап, елімізде қиын да күрделі салада қызмет жасап жүрген полиция қызметкерлеріне өзінің алғысын білдірді.
Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, аудандағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкелерді аудан әкімінің және полиция бастығының алғыс хаттарымен марапаттады.
Салтанатты жиын соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концертімен жалғасты, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.