• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

КОНГО-ҚЫРЫМ ҚАНДЫ ҚЫЗБАСЫНА САЛҒЫРТ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

Автор:admin

Ноя 8, 2023
Spread the love
Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаевтың төрағалығымен Шекербұлақ тұрғындарымен өткен жиында айтылды. Жиынға аудандық емхана басшысы Бақытжан Стамқұлов пен аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нурдулла Мырзагельдиев қатысты. Жаз айында адамды кене шағу қаупі жоғары. Ол үшін сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн. Серік Өмірханұлының мәлімдеуінше елді мекен шегінде мал жататын суаттар көктемде 2 рет дәріленген.
Мәселе бойынша барлық ауыл округ әкімдеріне қатаң тапсырма берілді. Қора мен үй аулаларын залалсыздандыру жұмыстары жүйеленді. Бұл жұқпалы ауру. Мен барлық ауыл тұрғындарына айтарым әсіресе ойын баласына сақ болуларыңызды сұранамын,- деді аудан әкімінің орынбасары Серік Өмірханұлы.
Жиында сөз алған аудандық емхана басшысы Бақыт Стамқұлов халықты ақпараттандыру үшін дәрігерлер тынымсыз жұмыс жасап жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ол: — Өте қорқынышты нәрсе кене шаққанын адамдар көбінесе білмей қалады. Аса қауіптілерінің бірі температура болып, іш өтіп, асқазан тұсы ауырсынып қан құсады. Температура болса немесе денеге жабысып тұрған кенені көрсе тез арада дәрігерге жүгініп аурудың алдын алу қажет екендігін ескертті.
Ал аудандық санитариялық -эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нурдулла Мырзагельдиевтің айтуынша қоралары дәріленбей қалған азаматтар болса ауылдағы ветеринария бекетіне хабар беріп дәрілету керек. Жиын барысында сөз алған ауыл тұрғыны А.Балтабаева ауылдың шетіне ауыл тұрғындары қораларынан шыққан қиларын тастап жатыр, осыған тез арада шара көруін сұрады. Көтерілген мәселе бойынша басшылық тарапынан дер кезінде шешім қабылданды. Нәтижесінде ауыл маңы қидан тазаланады. Ал қи тастаған азаматтарға шара көрілетін болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика